+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Жақсы кітап – жан азығы!
29 Сәу, 12:21

Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы және Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2014 жылғы қыркүйек айынан 2015 жылдың сәуір айына дейін балалар мен жасөспірімдерге арналған «Кітап оқитын адам – табысты адам» республикалық байқаудың І кезеңін өткізді.

Байқауды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру департаменті, ақпараттық технологиялар департаменті Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының ұйымдастыруымен, балалар мен жасөспірімдер арасында оқуды насихаттау, ақпарат мәдениетін қалыптастыру, ақпарат орталықтары ретінде кітапханаларға назар аудару мақсатында өткізді

Атаулы шараға 7-10, 11-13 және 14-17 жас ерекшеліктеріне қарай жалпы білім беретін мектептердің оқушылары қатысты.

Оқушылардың «Сүйікті кітапты суреттеймін», «Сүйікті жазушымның сүйікті кітабы», «Бұл кітапты мен міндетті түрде оқып шығуға кеңес беремін!», номинациялары бойынша жасалған шығармашылық жұмыстары өзіндік ерекшелігімен, сауаттылығымен, жұмыстардың сапалылығымен және тақырыптардың айқын ашылуымен ерекшеленді.

Байқау қорытындысы бойынша 3 оқушы - І, 4 оқушы – ІІ және 8 оқушы – ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Жеңімпаз оқушылардың жұмыстары байқаудың республикалық кезеңіне қатысуға жіберілді.

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз! Алдағы уақытта шығармашылық табыстар тілейміз!