+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Дарынды оқушылардың Мәскеудегі триумфты жеңісі
29 Сәу, 11:45

2015 жылы 7-11 сәуір аралығында ШҚО білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Мәскеу қаласында Бүкілресейлік В.И. Вернадский атындағы жасөспірімдер арасындағы зерттеу жұмыстарының конкурсында облысымыздың намысын дарынды оқушыларымыз қорғап қайтты.

Сайыстың қорытындысы бойынша бірнеше сырттай іріктеу кезеңінің - өңірлік, республикалық, халықаралық қазылар алқасының шешімі бойынша, Мәскеу қаласындағы сайыстың ақтық кезеңіне Шығыс Қазақстан облысынан 8 оқушы қатысуға шақырылды.

Конкурстың Ережесіне сәйкес, қатысушылар ғылыми жобаларын "Математика және информатика", "Физика", "Медицина және адам физиологиясы" секциялары бойынша ұсынды.

Конкурстың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысынан қатысқан барлық оқушылар жүлегер атанды:

1. Өскемен қаласы №38 мектеп-гимназияның 10 сынып оқушысы Ауданбекова Аружан;

2. Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің 9 сынып оқушысы Айтпаева Камила;

3. Семей қаласы №37 гимназияның 11 сынып оқушысы Габдуллина Динара;

4. Семей қаласы №37 гимназияның 11 сынып оқушысы Жуматаева Айзат;

5. Семей қаласы №37 гимназияның 11 сынып оқушысы Еспенбетов Арман;

6. Семей қаласы "Пальмир" №29 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Балтабаева Жансая;

7. Семей қаласы "Пальмир" №29 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Петрова Ульяна;

8. Аягөз ауданы мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы Садырбаева Лаура.

Бүкілресейлік В.И. Вернадский атындағы жасөспірімдер арасындағы зерттеу жұмыстарының конкурсындағы жеңіс – 2015 жылдағы облысымыздың дарынды оқушыларының тағы жарқын жетістіктерінің бірі деп білеміз.

Оқушылар мен ата-аналарын, ұстаздарын жетістіктерімен құттықтаймыз! Келешек табыстар тілейміз.