+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Облыстық «Абай және Махамбет оқуларын» өткізу туралы
29 Сәу, 11:35

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-прпактикалық «Дарын» орталығы облыстық жалпы білім беретін оқу орындарының 5-10 сынып оқушыларының арасында 2015 жылғы 15 мамырында облыстық Абай оқулары, 22 мамырда облыстық Махамбет оқулары өткізілетінін Сіздердің назарларыңызға жеткіземіз.

Жас ұрпақты ұлы тұлғалардың асыл құндылықтары рухында тәрбиелеуге бағытталған игі шараларға барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың, дарынды балаларға арналған облыстық білім білім мекемелерінің осы шараларға оқу тіліне қарамастан бірде-бір мектептің тыс қалмауын қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз.

Орыс тілінде білім алатын мектептерден қатысатын оқушы қазақтан басқа өзге ұлт өкілі болуы керек.

Облыстық Абай оқулары үш бөлім бойынша өткізіледі:

«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» - Абай мен Шәкәрім шығармаларын жатқа оқу конкурсы. Қатысушы өзі жатқа білетін шығармалардың тізімін конкурс басталғанға дейін өткізу қажет (ұлылардың шығармаларын көбірек жатқа білетін оқушыға жоғары баға қойылады);

«Көңілім әнді ұғады» - Абай мен Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындау конкурсы;

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - жас дарындар конкурсы (өз шығармаларын орындау: өлеңдер, әндер, музыкалық шығармалар).

Махамбет оқулары үш бөлім бойынша өткізіледі:

«Ел құтқарар ер едім» - Махамбет, Мұрат Мөңкеұлы, Шернияз Жарылғасұлы, Фариза Оңғарсынова шығармаларын жатқа оқу конкурсы (ақын шығармаларын көбірек жатқа білетін, мәнерлеп оқитын оқушыға жоғары баға қойылады);

«Ұлы арман» - Махамбеттің күйлерін, Фариза Оңғарсынованың өлеңдеріне шығарылған әндерді орындаушылар конкурсы;

«Тартынбай сөйлер асылмын...» - жас дарындар конкурсы (өз туындыларын орындау: өлеңдер, әндер, музыкалық шығармалар).

Алдыңғы жылдардағы республикалық конкурстардың жүлдегерлері (1,2,3 орын алғандар) 2015 жылғы өтетін облыстық оқуларға қатыса алмайды.

Абай және Махамбет оқуларының өткен жылғы Ережелерін негізге ала отырып аудандық (қалалық) кезеңдерін өткізіп, 2015 жылдың 6 мамырына дейін облыстық кезеңге қатысу үшін өтінімді ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына жіберу қажет.

Өтінім үлгісі:

Оқушының

аты-жөні

Аудан/қала

Мектебі

Сыныбы

Номинация атауы

Жетекшінің

аты-жөні, ұялы телефоны

Облыстық Абай, Махамбет оқулары Өскемен қаласы, Амур көшесі, 12/1, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған Жамбыл атындағы мектеп-гимназия-интернатының кешенінде өткізіледі.

Барлық сұрақтар бойынша 8/7232/700609 телефоны арқылы хабарласуға болады.