+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Ұлы ұстаз рухына
27 Сәу, 12:22

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қолдауымен Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы мен өңірлік ғылыми-практикалық "Дарын" орталығы бірлесіп  2015 жылдың 21-24 сәуірі аралығында Өскемен қаласындағы «Нұрорда» халықаралық мектебінде Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиадасын өткізді.

Олимпиада КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері,  Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, СССР, Қазақ ССР Халық ағарту ісінің үздігі,  Н.К. Крупская медалінің иегері Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваны еске алуға арналды. Аталған олимпиада 2015 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен республикалық олимпиадалар тізбесіне енгізіліп, жеңімпазы мен жүлдегері атанған 11 сынып оқушыларына жоғары оқу орындарына түсу барысында мемлекеттік грантқа  ие болуға басым құқық береді.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімдерін тереңдету және жетілдіру мақсатымен олимпиадаға еліміздің білім беру ұйымдарынан аймақтық кезеңнен өткен 9 - 11 сыныптан 140 оқушы қатысты.

Республикалық олимпиаданың салтанатты ашылуы 22 сәуірде Металлургтер мәдениет сарайында өтті.

Олимпиада 2 турдан тұрды: 1 тур – жазбаша (эссе); 2 тур – ауызша.

Олимпиаданың қазылар алқасының құрамында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының  белгілі ғалымдары мен оқытушылары, атап айтқанда, Алматы қаласындағы Абай атындағы  Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы  Еуразия ұлттық  университеті, Назарбаев университеті, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Семей қалалық Шәкәрім атындағы  мемлекеттік университетінен  болды.

Олимпиада қорытындысы бойынша 38 оқушы жүлдегер атанды, оның ішіндеІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

- Астана қаласынан 11 сынып оқушысы Дюсембаева Назгуль;

- Ақтөбе облысынан 9 сынып оқушысы Жылкайдарова Аяна;

- Маңғыстау облысынан 10 сынып оқушысы Жарылқасова Ақсұңқар;

- Павлодар облысынан 10 сынып оқушысы Ауезханова Айдана;

- Шығыс Қазақстан облысынан 9 сынып оқушысы Илиасова Еркежан;

- Маңғыстау облысынан 11 сынып оқушысы Бакыткалиева Анжелика;

- Ақмола облысынан 11 сынып оқушысы Нухай Толғанай.

II дәрежелі дипломдармен марапатталғандар:

- Ақмола облысынан 9 сынып оқушысы Кенжибек Сапарбек;

- Ақтөбе облысынан 11 сынып оқушысы Тынымова Гаухар;

- Атырау облысынан 11 сынып оқушысы Талғат  Айман;

- Батыс Қазақстан облысынан 11 сынып оқушысы Мынжасова Елена;

- Қарағанды облысынан 11 сынып оқушысы Халилина Әйгерім;

- Павлодар облысынан 11 сынып оқушысы Сарсекеева Айжан;

- Шығыс Қазақстан облысынан 9 сынып оқушысы Ерсоветова Айман;

- Шығыс Қазақстан облысынан 10 сынып оқушысы Асқадұлы  Қанат;

- Шығыс Қазақстан облысынан 11 сынып оқушысы Толымханова Гафура;

- Шығыс Қазақстан облысынан 11 сынып оқушысы Заданова Махаббат;

- Шығыс Қазақстан облысынан 11 сынып оқушысы Бексолтанова Жаннұр;

- Солтүстік Қазақстан облысынан 10 сынып оқушысы Уланова Айганым;

- Алматы облысынан 9 сынып оқушысы Исабаева Алина;

- Алматы қаласынан 11 сынып оқушысы Абай Нурсұлтан;

- Астана қаласынан 10 сынып оқушысы Рабхан Ақерке.

IIІ дәрежелі дипломдармен марапатталғандар:

-  Ақмола облысынан 10 сынып оқушысы Съезбек Айсауле;

- Ақмола облысынан 11 сынып оқушысы Шаймерденова Айдана;

- Ақтөбе облысынан 10 сынып оқушысы Сайлауова Назерке;

- Алматы облысынан 10 сынып оқушысы Анербаева Аяулым;

- Батыс Қазақстан облысынан 9 сынып оқушысы Ерғалиқызы Дана;

- Жамбыл облысынан 9 сынып оқушысы Аблай  Ғалия;

- Жамбыл облысынан 11 сынып оқушысы Әкімхан Мөлдір;

- Қызылорда облысынан 11 сынып оқушысы Мұханбетқали Аружан;

- Маңғыстау облысынан 11 сынып оқушысы Бақтығали Әсемай;

- Солтүстік Қазақстан облысынан 11 сынып оқушысы Сабыр  Санжар;

- Алматы қаласынан 9 сынып оқушысы Алибекова Аяна;

- Астана қаласынан 10 сынып оқушысы Сағымбекова Арайлым;

- Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен 11 сынып оқушысы Халық  Салтанат;

- Алматы қаласындағы Абай атындағы республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттың 9 сынып оқушысы Женисова Аида;

- Алматы қаласындағы Абай атындағы республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттың 11 сынып оқушысы Жолдыбаева Толғанай;

- Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы Боқан Мадина.

Қазақ тілі мен әдебиетінен үздік көрсеткіштері үшін «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамоталарымен марапатталғандар:

-  Ақтөбе облысынан 9 сынып оқушысы Байжуанова Меруерт;

-  Ақтөбе облысынан 9 сынып оқушысы Нұрпейісқызы Зере;

-  Ақтөбе облысынан 10 сынып оқушысы Қайнарқызы Гүлден;

-  Атырау облысынан 9 сынып оқушысы Талапқалиева Әсем;

- Жамбыл облысынан 11 сынып оқушысы Далғар  Айгерім;

- Қарағанды облысынан 10 сынып оқушысы Сакенова  Аийда;

- Қостанай облысынан 10 сынып оқушысы Мирамова  Диана;

- Қызылорда облысынан 10 сынып оқушысы Махамшаев Мұрат;

- Қызылорда облысынан 11 сынып оқушысы Назанова Бибінұр;

- Павлодар облысынан 10 сынып оқушысы Дулат  Ақтоты;

- Павлодар облысынан 11 сынып оқушысы Ашимова Аяжан;

- Шығыс Қазақстан облысынан 10 сынып оқушысы Аңсағанова Айым;

- Солтүстік Қазақстан облысынан 10 сынып оқушысы Какимова Мадина;

- Астана қаласынан 10 сынып оқушысы Қайсабекова Ақжан;

- Астана қаласынан 11 сынып оқушысы Қабыкенова Аружан;

- Алматы қаласындағы О. Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған физика-математика мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы Тарақбай Әнел.

"Сөз зергері" номинациясымен:

-  Шығыс Қазақстан облысынан 10 сынып оқушысы Өмірханова Алтынай;

-  Астана қаласынан 10 сынып оқушысы Емангалиева Камила.

"Тіл шебері" номинациясымен:

-  Қостанай облысынан 10 сынып оқушысы Кабделова Салтанат.

"Үздік әдебиетші" номинациясымен:

-  Солтүстік Қазақстан облысынан 11 сынып оқушысы Алдангорова Айдана.

"Үздік тілші" номинациясымен:

- Қостанай облысынан 11 сынып оқушысы Сартова  Сабина марапатталды.

Бітібаевтар әулеті ақшалай жүлде мен сыйлықты:

-  Қостанай облысынан 11 сынып оқушысы Жауатова Данагульге;

-  Павлодар облысынан 9 сынып оқушысы Ахаева  Алуаға;

-  Шығыс Қазақстан облысынан 10 сынып оқушысы Сағидоллаев Мейіржанға;

-  Қарағанды облысынан 10 сынып оқушысы Ерболатқызы Айымға;

- Алматы қаласындағы О. Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған физика-математика мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы Зайнолда  Дастанға табыс етті.  

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті «Электронды журналистика» мамандығы бойынша келесі қатысушыларға оқуға түсуге жеңілдіктер берді:

- Ақтөбе облысынан 11 сынып оқушысы Қаражан Шынарға;

- Алматы қаласынан 11 сынып оқушысы Барашева Әдеміге.

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталып, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің атынан естелік сыйлықтар берілді. Барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

Олимпиада аясында қызықты мәдени-танымдық бағдарламалар  барысында қаланың көрікті жерлеріне, «Қазақстан» тауына, тарихи-өлкетану, этнографиялық, өнер музейлеріне  саяхаттар ұйымдастырылды. Қатысушылар тұратын орындарда танымдық-сауықтыру шаралары, психологиялық тренингтер өткізілді.

Жетекшілерге  Өскемен қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде «Қанипа Бітібаеваның педагогикалық мұрасы  қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың қайнар көзі» атты тақырыбында оқу-әдістемелік семинар өткізілді.

Республикалық олимпиаданың жабылу салтанатында қатысушыларға арнап Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары С.К. Искакова, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының шығармашылық дарындылық зертханасының меңгерушісі З.М. Аманова, Қанипа Бітібаеваның туыстары, қазылар алқасының мүшелері сөз сөйледі. Халықаралық, республикалық шығармашылық байқаулардың лауреаттары – мектеп оқушылары қатысушыларға музыкалық сәлемдерін жолдады. Олимпиадаға қатысушылар мен олардың жетекшілері ұйымдастырушыларға ризалықтарын білдіріп, алғыс айтты.

Солардың бірі,  Маңғыстау облысынан келген Әбдіхалық Валентина: «Ана тілінің мәртебесіне лайық өткізілген бірінші ғаламат олимпиаданың қатысушылары, ұйымдастырушылары, демеушілері, барша шығыстық бауырлар Сіздердің алдарыңызға осынау айбынды шараның бас себепкері – Қанипа апамның аруағыма басымды иіп, тағзым етемін. Қазақтың қасиетті тілі мен әдебиетін қатысушы жас ұрпақтың көбейе түскені ел үміті мен болашағының зор екендігін бүгінгі білім сайысының қорытындысы дәлелдей түсті», деді.