+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Жас математик», «Жас физик» облыстық олимпиадасын өткізу туралы ЕРЕЖЕ
27 Сәу, 12:02

1.    Жалпы ережелер

1.1. Осы Ереже 5-8 сынып, 7-8 сынып оқушылары үшін өткізілетін  «Жас математик», «Жас физик» олимпиадасының (бұдан әрі – Олимпиада) мақсатын мен міндетін, өткізілу тәртібін, қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау тәртібін анықтайды.

2.1. Олимпиада Өскемен қ. «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналаған мамандандырыған мектеп-лицейі» КММ ШҚО білім басқармасы «Дарын» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен өткізіледі.

2.    Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері

Басты мақсат – оқушылардың әлеуметтік-белсенділігін дамыту және интеллектуалдық-шығармашылық потенциалын ашу.

Міндеттері:

- тәжірибе шеберлігі мен теориялық білімін тереңдету, жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді оқуға оқушылардың қызығушылығын жоғарылату;

- интеллектуалдық және шығармашылық тапсырмаларды шешуде табандылықты, дербестікті, белсенділікті дамыту; пәндерді оқуға қызығушылығын қолдау және тарту;

- адал бәсекелік күресті жүргізу және қарым-қатынас мәдениет қалыптастыру.

3.    Ұйымдастыру-әдістемелік қамсыздандыру

3.1.Олимпиаданың өткізілуін және ұйымдастыру-әдістемелік қамсыздандыруын, үйлестіруін, Олимпиаданы ұйымдастырушы - «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналаған мамандандырыған мектеп-лицейі» КММ жүзеге асырады.

3.2. Олимпиаданы ұйымдастырушы Ұйымдастыру комитетін, әдістемелік комиссияны және төрешілерін құрады.

4.    Ұйымдастыру комитеті, әдістемелік комиссия және Олимпиада төрешілерінің қызметтері

4.1. Ұйымдастыру комитеті Олимпиаданың жүргізілу түрін анықтайды және оны ұйымдастыру - әдісметелік қамсыздандырады; әдістемелік комиссия және төрешілердің құрамы бойынша ұсыныстар ұсынады; Олимпиада өткізілу кезеңдерінде туындағын кикілжің жағдаяттарды қарастырады; Олимпиада қорытындысы бойынша есептерін ұсынады.

4.2. Әдістемелік комиссия Олимпиаданың командалық және жеке турын жүргізу үшін тапсырмалардың материалдарын өңдейді;

4.3. Әдістемелік комиссия Олимпиаданың барлық турларында  орындалған тапсырмалардың бағалау әдістемесін және критерилерін өңдейді;

4.4. Төрешілер қатысушылардың жеке турдағы жазбаша жұмыстарын тексереді, олардың нәтижесін бағалайды; Олимпиадаға қатысушылардың орындаған тапсырмаларын талдайды және апелляцияны жүргізеді; апелляция жүргізілгеннен кейін жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.

4.5. Олимпиадаға қатысушылардың топтық ойынның нәтижесін төрешілер бақылайды және бағалайды.

5.    Олимпиада қатысушылары

5.1. «Жас математик», «Жас физик» Олимпиадасында Шығыс Қазақстан облысының қала, аудан мектептерінің командалары қатысады. 

5.2. «Жас математик» Олимпиадасына 5-8 сынып оқушылары қатысады. Әрбір білім мекемесінен қатысушылар саны – 4 оқушы (1 оқушы – 5 сынып; 1 оқушы – 6 сынып; 1 оқушы – 7 сынып; 1 оқушы – 8 сынып).

5.3. «Жас физик» Олимпиадасына 7-8 сынып оқушылары қатысады. Әрбір білім мекемесінен қатысушылар саны – 2 оқушы (1 оқушы – 7 сынып; 1 оқушы – 8 сынып).

6.    «Жас математик», «Жас физик» Олимпиадасының өткізілу тәртібі және шарттары

6.1. Олимпиада екі турда өткізіледі: жеке тур және командалық тур.

- Жеке тур – 90 мин (10.00 сағ. – 11.30 сағ.)

- Командалық тур – 75 мин (13.00 сағ. – 14.15 сағ.)

6.2. Олимпиаданың өткізілу күні – 14.05.2015

6.3. Өткізілетін жері - «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ Өскемен қ. Новаторов көшесі, 9а, тел: 8 (7232) 249301

6.4 Қатысушыларды тіркеу – сағ.8 30 дан – 9.00 –ге дейін Олимпиаданың салтанатты ашылуы –сағат 9.00 - де

7.    Олимпиаданың қорытындылау және марапаттау

7.1. Командалық және жеке турдың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталады.

7.2. Командалық және жеке турдың жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломмен марапатталады және «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінде» емтихансыз түсіп оқуын жалғастыруға мүмкіндік алады.