+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Жас математик», «Жас физик» облыстық олимпиадаларының өткізілуі туралы
27 Сәу, 11:52

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Өскемен қаласындағы облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейімен бірлесе отырып 2015 жылдың 14 мамырында «Жас математик», «Жас физик» облыстық олимпиадасын өткізетіндігін хабарлайды.

Олимпиаданың мақсаты - оқушылардың тәжірибе шеберлігі мен теориялық білімін тереңдету, жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді оқуға қызығушылығын жоғарылату, оқушылардың оқу-танымдық қызметін ынталандыру; зияткерлік және шығармашылық тапсырмаларды шешуде табандылықты, дербестікті, белсенділікті дамыту.

«Жас математик» олимпиадасы 5-8 сынып оқушыларының арасында жүргізіледі. Қатысушылардың саны – 4 оқушы (5 сынып – 1 оқушы, 6 сынып – 1 оқушы, 7 сынып – 1 оқушы, 8 сынып – 1 оқушы).

«Жас физик» олимпиадасы 7-8 сынып оқушыларының арасында жүргізіледі. Қатысушылардың саны – 2 оқушы (7 сынып – 1 оқушы, 8 сынып – 1 оқушы).

Олимпиада қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Байқау ережелері www.shygysdaryny.kz сайтында орналасқан.

Аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің басшылары, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептердің директорларының қолы мен мөрі қойылған тапсырыстар 2015 жылдың 05 мамырына дейін gsshmfi @mail.ru  эл. мекенжайжәне тел/факс 8 (7232)24-93-01 бойынша қабылданады (үлгі қосымша ұсынылады).  

«Жас математик» олимпиадасына қатысуға тапсырыс

Оқушының

аты-жөні

Аудан/ қала

 

Мектеп

Сынып

Оқытылу тілі

Жетекшінің аты-жөні

байл.тел.

 

 

 

 

 

 

«Жас физик» олимпиадасына қатысуға тапсырыс

Оқушының

аты-жөні

Аудан/

қала

Мектеп

Сынып

Оқытылу тілі

Жетекшінің аты-жөні

байл.тел.