+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Қашықтықтан оқыту технологиясы – дарынды балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдерге көмек
17 Сәу, 05:03

Білім беру сапасын көтеру, дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2015 жылдың 25-31 наурызы аралығында Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы «Қазақстан тарихы пәнінен түрлі деңгейдегі олимпиадаларға оқушыларды дайындау» тақырыбында қашықтықтан оқыту семинарын өткізді.

Оқыту Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының білім беру сайты арқылы жүзеге асырылды.

Оқыту семинарына Семей, Риддер, Курчатов қалаларының, Аягөз, Абай, Бородулиха, Бесқарағай, Глубокое, Жарма, Зайсан, Зырян, Күршім, Катонқарағай, Көкпекті, Үржар аудандарының жалпы білім беретін мектептерінің 38 мұғалімі қатысты.

Қазақ тіліндегі курстың тақырыбы мен мазмұнын құрастырушы автор – Павлодар облысының Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық гимназия-интернатының тарих пәні мұғалімі Е. Дәуенов. Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсының, инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалінің, Қазақстан тарихынан ұстаздар арасындағы облыстық олимпиаданың жеңімпазы, «Қазақстан Республикасының 2013 жылғы ең үздік педагогы» және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің қаржылай сыйлығының иегері.

Семинарға қатысушыларға Қазақстан тарихынан тереңдетіп оқыту үшін дәрістер ұсынылды. Оқыту семинарының қорытындысы бойынша қатысушылар бақылау жұмысын орындайды (эссе жазу түрінде). Бақылау жұмысын жоғары деңгейде орындаған мұғалімдерге сертификаттар табысталады.