+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«InfoMatrix Asia & Pacific» атты Халықаралық компьютерлік жобалар байқауынан – жүлдемен!
15 Сәу, 12:25

2015 жылдың 4-13 сәуірі аралығында Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушылар командасы «InfoMatrix Asia & Pacific» атты Халықаралық компьютерлік жобалар байқауына қатысып қайтты.

Заманауи жобаларды  және  робототехниканы, аппараттық қамтамасыз етуді қолдана білуге қызығушылықты  танытқан дарынды оқушыларды  анықтау мақсатымен сайыс келесі секциялар бойынша қарастырылады: 1.«Жобалау»;

2. «Компьютерлік өнер»;

3. «Аппараттық басқару»;

4. «Қысқаметражды фильм»;

5.«Робототехника».

Сайыс Алматы қаласында Сулеймен Демирел атындағы университетте өткізілді. Оған 25 елден 400-ге жуық оқушы қатысты. Шығыс Қазақстан облысынан сайысқа 9 оқушы қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша 7 оқушы жүлдегер атанды:

І дәрежелі дипломдармен:

- Семей қаласының экономикалық лицейінің оқушысы Бастамиева Камила;

- Семей қаласының экономикалық лицейінің оқушысы Шотаев Темирхан;

- Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған қазақ-түрік-лицейінің оқушысы Толыбаев Галижан;

ІІ дәрежелі дипломдармен:

- Өскемен қаласындағы «Нұрорда» халықаралық мектебінің оқушысы Саясатова Аружан;

- Өскемен қаласындағы «Нұрорда» халықаралық мектебінің оқушысы Ташкын Алейна;

- Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-лицейінің оқушысы Ахынов Ануар;

- Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-лицейінің оқушысы Машпиев Нуржан марапатталды.

Жүлдегерлерді жетістіктерімен құттықтаймыз, келешек табыстар тілейміз!