+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Бастауыш сынып оқушыларының облыстық олимпиадасының қорытындысы
15 Сәу, 03:41

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2015 жылдың 11 сәуірінде Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Өскемен қаласында "Нұрорда" халықаралық мектебінде бастауыш сынып оқушыларының облыстық олимпиадасын өткізді.

Шараның мақсаты - Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушыларын қолдап, мүмкіндіктерінің толық ашылуына көмек көрсетіп, шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыру.

Облыстың барлық аудандары мен қалаларынан 230-дан астам қатысушы - 2-4 сынып оқушылары қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, математика, дүниетану пәндерінен білімдерін көрсетті.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша 111 жүлдегер анықталды.

Жалпыкомандалық есепте «2015 жылдың үздік командасы» номинациясында:

І орынмен - математика, физика, информатика саласындағы облыстық мамандандырылған мектептің, Күршім ауданының, "Нұрорда" халықаралық мектебінің командалары;

ІІ орынмен - Семей қаласының,  Зайсан, Аягөз аудандарының командалары;

ІІІ орынмен - Өскемен қаласының, Жарма, Шемонаиха аудандарының дарынды балаларға арналған "Восток" ғылыми-зерттеу дамыта оқыту орталығының командасы марапатталды.

Олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар, жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар берілді. Жоғары ұпай жинаған жүлдегерлерге "Нұрорда" халықаралық мектебінде білім алуға жеңілдігі бар сертификаттар берілді.  

Жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз! Келешекте жаңа табыстар тілейміз!