+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Балалар сурет салады» шығармашылық акциясын өткізу туралы
14 Сәу, 10:06

2015 жылдың сәуірі мен қыркүйек айлары аралығында «Қаһарман – қамал» Брест Мемориалдық кешенінің бастауымен Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мен Брест қамалына «Қаһарман - қамал» құрметті атағы берілгеніне 50 жыл толуына орай «Балалар сурет салады» атты VIII аймақтық шығармашылық акциясын өткізетінін хабарлайды.

Акцияның мақсаты: Ұлы Отан соғысы жайлы тарихи шындықтар мен естеліктерді сақтау, адамгершілікке жат болмыс пен соғыстың болуына жол бермеу түсініктерін қалыптастыру, біздің планетамыздың қазіргі мен келешектегі үшін жас жеткіншектерді жауапкершілікке тәрбиелеу.

Акция үш жас ерекшеліктеріне байланысты өтеді:

- І жас ерекшелік – 9 жастан 11 жасқа дейін;

- ІІ жас ерекшелік – 12 жастан 14 жасқа дейін;

- ІІІ жас ерекшелік – 15 жастан 16 жасқа дейін.

Әр жас ерекшеліктер келесі номинацияларды қамтиды:

- «Қаһарман - қамал» - ерлік пен даңқ шежіресі»;

- «Брест – Берлин».

Байқауға қатысу түрі – сырттай. Қатысуға тілек білдіруші номинациялардың бірі бойынша суретін келесі мекен-жайға жіберуі қажет: 224018, Беларусия Республикасы, Брест қаласы, «Қаһарман - Брест қамалы» мемориалдық кешені. Ереже талабына сәйкес қатысушылардың жұмыстары 2015 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қабылданады. Ереже қосымша берілген.

Барлық сұрақтар бойынша Беларусия Республикасы, Брест қаласы, ғылыми-ағарту бөлімі, тел.: 810 375 (162) 201501, e-mail: brest-fortress@yandex.ru