+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Облыстың жас зерттеушілері Байқоңырды бағындырды
08 Сәу, 05:06

2015 жылы 1-5 сәуір аралығында облыс оқушыларының командасы  Байқоңыр қаласында өткен ғарыштық зерттеулер бойынша "Ғылым әлемін ашамыз" ХI Халықаралық ғылыми жарысына  қатысты.

Ғылыми сайыстың мақсаты - ғарыштық зерттеулер саласындағы ғылыми - зерттеу қызметіне қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау.

Сайысқа Шығыс Қазақстан облысынан жалпы білім мектептерден 22 оқушы (14 жоба) қатысты.

Сайыс қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен:

- Сара Амангельды - Өскемен қаласының№38 мектеп - гимназиясының 11 сынып оқушысы;

- Жансая Бақтиярова - Күршім ауданы, Қ. Нұрғалиев атындағы мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы.

II дәрежелі дипломмен:

- Ерасыл Мухаметказымов - Өскемен қаласының облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің 10 сынып оқушысы;

- Тимур Сақарбеков - Өскемен қаласының №10 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы;

- Темирлан Саркенов - Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;

-  Ерсін Қуанбеков - Өскемен қаласының №3 көпбейінді мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы;

- Жарқын Марқабаев - Күршім ауданы, Қ. Нұрғалиев атындағы мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы.

III дәрежелі дипломмен:

- Арман Еспенбетов - Семей қаласының №37 гимназиясының 11 сынып оқушысы;

- Темірлан Нугумаров Үржар ауданы, Көлденен орта мектебінің 11 сынып оқушысы;

- Әсел Чақпантаева - Өскемен қаласының №3 көпбейінді мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы;

- Әнуарханов Темірлан - Өскемен қаласының №3 көпбейінді мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы;

- Айгерім Манакова - Өскемен қаласының №11 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы марапатталды.

Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының грамоталарымен:

- Айдана Айкенева - Өскемен қаласының №35 орта мектептің 11 сынып оқушысы;

- Жанерке Аскарбекова - Семей қаласының №37 гимназиясының 11 сынып оқушысы;

-  Айдын Муратов - Семей қаласының №39 орта мектептің 11 сынып оқушысы;

-  Данияр Нургалиев - Семей қаласының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы;

-  Адиль Куанышпаев - Семей қаласының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы;

- Баймурат Мухаметказинов - Семей қаласының №37 гимназиясының 11 сынып оқушысы; 

- Баян Баякенова - Семей қаласының №37 гимназиясының 11 сынып оқушысы; 

- Диас Жумадилов -  Семей қаласының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы;

- Сержан Магыпаров - Семей қаласының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы марапатталды.

Сайысқа қатысушылар үшін қызықты мәдени-танымдық бағдарлама: "Байқоңыр" космодромының ғарыш мұражайына, "Буран" орбитальді корабліне, академик С.П.Королевтің мемориалды үйіне, Жер ғаламшарының тұңғыш ғарышкері Ю.А.Гагариннің мемориалды үйлеріне танымдық экскурсиялар ұйымдастырылды.  

Жеңімпаздарды, олардың ұстаздарын, ата-аналарын жүлделі орындармен құттықтаймыз. Табыс және жаңа жеңістер тілейміз!