+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Жарқын болашақ» жүлдегерлері – грант иегерлері
07 Сәу, 10:30

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау мақсатында 2015 жылдың 2-5 сәуірі аралығында Астана қаласында ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы «KATEV» Халықаралық қоғамдық қорымен бірлесе қазақ тілі мен әдебиетінен VІІ республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасын өткізді.

Олимпиадаға қатысушылар «Сөз шеберлері», «Жас ғалымдар», «Әнші бұлбұлдар», «Тілші-әдебиетшілер», «Жазушылар» атты бес бағыт бойынша қабілеттерін көрсетті.

Шығыс Қазақстан облысы атынан 18 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша 5 оқушы жүлделі орынға ие болды.

ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

- Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы Давлетов Жәнібек («Тілші-әдебиетшілер»);

- Семей қаласындағы Чернышевский атындағы №1 орта мектептің 11 сынып оқушысы Измаилова Фируза («Сөз шеберлері»);

- Аягөз ауданындағы көпсалалы мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Шарипбекова Дамира («Жас ғалымдар»);

- Зырян ауданындағы №11 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Выходцева Мария («Сөз шеберлері»);

- Зырян ауданындағы №11 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Минулина Елизавета («Әнші-бұлбұлдар»).

С. Демирел атындағы университеттің білім грантын Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы Давлетов Жәнібекке тағайындады.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқу гранты Семей қаласындағы №1 Чернышевский атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Измаилова Фирузаға берілді.

Жеңімпаздарды жүлделі орындарымен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жаңа жетістіктер тілейміз!