+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Ешкім де, ешқашанда ұмтылмайды!
03 Сәу, 12:44

Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы және Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2015 жылғы ақпан айынан наурыз айына дейін мектеп оқушылары арасында ҰОС Жеңісіне қазақстандықтардың қосқан үлесіне арналған эссе жазудан республикалық байқаудың облыстық кезеңін өткізді.

Байқау «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының, сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Еуразиялық Медиа Форуммен және «КТК»телеарнасымен бірлесе, «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысының  қолдауымен ұйымдастырылды.

Байқаудың басты мақсаты: көпұлтты Қазақстан халқының Ұлы Отан соғысы жеңісіндегі ерлігінің маңызы мен ролін көрсету, патриотизм мен мақтаныш сезімін арттыру, ардагерлеріміздің ерен ерлігінің рухани астарын тереңінен әрі кеңінен түсінуге шақыру.

Міндеттері:

- ҰОС батырларының ерлігін куаландыратын құжаттармен толықтыру, тиісті алғыс пен құрметке бөленбей, елеусіз қалған ардагерлер ерлігін іздеу және анықтау;

- КТК арнасындағы тележобаға пайдалану үшін ҰОС тақырыбына арналған материялдарды жинау;

- үздік жұмыстарды бұқаралық ақпарат құралдарына кеңінен тарату, оларды әзірленіп жатқан ардагерлер туралы порталдың электронды деректер банкіне енгізу;

- мектеп оқушыларын ҰОС ардагерлеріне құрметпен қарауға баулу;

- дарынды оқушыларды ынталандыру, олардың Қазақстан тарихына деген қызығушылығын дамыту.

Байқауға облыстағы жалпы білім беретін мектептердің жас ерекшеліктеріне қарай 5-8, 9-11 сынып оқушылары қатысты.

Қатысушылардың «Менің отбасымның тарихы», «Біздің көше батыры», «Соғыс күнделіктері», «Отбасылық альбомның кейіпкері», «Қонақжай қазақ даласы: Қазақстан ортақ үйіміз» атты тақырыптарында жазған шығармалары көркемдігімен, терең мазмұнымен және тақырыптың жан-жақты ашылуымен ерекшеленді.

Байқау қорытындысы бойынша 6 оқушы - І орын, 6 оқушы – ІІ орын және 12 оқушы – ІІІ орын грамоталарымен марапатталды.

Байқаудың талабына сәйкес, 1 орын алған 6 оқушының жұмысы республикалық кезеңге жіберіліп, ҰОС Жеңісінің 70 жылдығына арналған «Отты жылдар шежіресі» атты жинаққа енеді.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Алдағы уақытта шығармашылық табыстар тілейміз!