+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Туады ерлер Ел үшін...» І Республикалық қазақ батырлық эпосы жыршылары байқауының облыстық кезеңін өткізу туралы
03 Сәу, 06:24

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы №02-2/476 хатына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2015 жылғы 8 маусымда жалпы білім беретін ұйымдардың оқушылары арасында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Туады ерлер Ел үшін...» І Республикалық қазақ батырлық эпосы жыршылары байқауының (бұдан әрі - І Республикалық қазақ батырлық эпосы жыршыларының байқауы) облыстық кезеңін өткізетінін хабарлайды.

І Республикалық қазақ батырлық эпосы жыршылары байқауының негізгі мақсаттары мен міндеттері мектеп оқушылары арасында қазақ халқының батырлық эпосын насихаттау, қазақстандық патриотизмге, халық поэзиясына, қазақ халқының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, елдік пен ерлік рухын, намысшылдық, қайсарлық қасиеттерді сезіндіру, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту, ұлттық дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, тарихи танымдарын қалыптастыру болып табылады.

Республикалық жыршылар байқауы екі бөлім бойынша өткізіледі:

1) «Қайратты туған ер еді...» - қазақ батырлық эпостарын жыршылар мақамымен жатқа орындау;

2) «Алатаудай айбатың, Ер екенсің айтулы» - қазақ батырлар жыры бойынша білім сайысы. Қатысушылар ұйымдастырушылар дайындаған сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар 5-8 сыныптар және 9-11 сыныптарға арналып даярланады.

Байқаудың ережесі ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының shygysdaryny kz. сайтында жарияланған.

Байқауға әр ауданнан (қаладан) дарынды балаларға арналған мектептерден 2 оқушыдан қатыса алады (батырлық эпостарын жатқа жырлайтын 1 оқушы (дуэтпен жырласа 2 оқушы), білім сайысына 1 оқушы).

Байқауға қатысуға тапсырыс төменде көрсетілген үлгіде «Дарын» ШҚ ӨҒПО  vk_daryn@mail.ru электронды адресінде қабылданады. Байланыс тел/факс 8/7232/ 700-609, 552-012.

Қатысушының аты-жөні

Аудан/қала

Мектебі, сыныбы

Бөлім атауы