2015 жылдың 2 сәуірдің Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен академик, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Қ.О. Бітібаева атындағы Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін өткізді.
Олимпиаданың негізгі міндеттері:
- оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білімдерін жетілдіру мен тереңдету;
- патриотизмді, азаматшылықты дамыту, ұлттық мәдениетке, дәстүрлерге деген құрметті дәріптеу;
- оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Олимпиада 2 айналымда өткізілді:
1 айналым – жазбаша – эссе;
2 айналым – ауызша – қазақ тілін, қазақ әдебиетінің шығармаларын, Қ.О. Бітібаеваның өмірбаянын, оның ғылыми мұрасын және публицистикалық еңбектерін білу бойынша.
Олимпиадаға облыстың барлық мектептері мен дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептерден 89 оқушы қатысты.
Әділқазылар алқасының құрамына аймақтың жетекші ЖОО белгілі ғалымдары мен оқытушылары кірді.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша 23 оқушы жүлдегер атанды.
I дәрежелі дипломмен келесі оқушылар марапатталды:
- Илиасова Еркежан – Аягөз ауданы, қалалық қазақ мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы;
- Ерсоветова Айман – Риддер қаласының "Шаңырақ" көпсалалы мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы;
- Аңсағанова Айым – Глубокое ауданы, Переваловка орта мектебінің 10 сынып оқушысы;
- Өмірханова Алтынай – Өскемен қаласының №3 көпбейінді мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы;
- Толымханова Гафура – Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаттың 11 сынып оқушысы;
- Заданова Махаббат – Күршім ауданы, №3 Күршім гимназиясының 11 сынып оқушысы;
- Бексолтанова Жаннұр – Тарбағатай ауданы, №2 Ақсуат орта мектебінің 11 сынып оқушысы;
IІ дәрежелі дипломмен:
- Уазирханова Нұрай – Катонқарағай ауданы, Ленин атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы;
- Турарова Алина – Өскемен қаласының көпбейінді №3 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы;
- Сағидоллаев Мейржан – Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;
- Мұхаметқалиева Ақерке – Күршім ауданы, №3 Күршім гимназиясының 10 сынып оқушысы;
- Мубаракова Айдана – Өскемен қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы;
- Құнашова Әйгерім – Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылдық лицейінің 11 сынып оқушысы.
IІІ дәрежелі дипломмен:
- Нәбиолдина Кәмшат - Күршім ауданы, №5 Күршім гимназиясының 9 сынып оқушысы;
- Нуртазина Аружан - Өскемен қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9 сынып оқушысы;
- Елтаев Рашад – Көкпекті ауданы, Октябрь мектеп-балабақша кешенінің 9 сынып оқушысы;
- Асхадұлы Қанат - Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің 10 сынып оқушысы;
- Қажиева Сауле - Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттың 10 сынып оқушысы;
- Жаныбеков Ерасыл - Өскемен қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы;
- Сайлаухан Нурай – Катонқарағай ауданы, Ленин атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы;
- Дулатова Бақытжан - Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттың 11 сынып оқушысы;
- Әнуарбекова Ажар – Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектептің 11 сынып оқушысы;
- Ержанқызы Гүлназ - Өскемен қаласының, көпбейінді №3 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы.
Олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары 21-24 сәуір аралығында Өскемен қаласында өтетін республикалық кезеңге қатысады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, олардың ұстаздары мен ата-аналарын құттықтаймыз!
Табыс және жаңа жеңістер тілейміз!