Көкшетау қаласында өткен Республикалық байқауға Қазақстанның әр түкпірінен 12 жастан 29 жас аралығындағы жас тілшілердің 150 -ден астам жұмысы қаралды. Шығыс Қазақстан облысынан 12 мектеп оқушыларының жұмысы жіберілген.
Жұмыстар баспасөз бағдарламасы және жеке авторық номинациялары бойынша қабылданды.
Конкурстың қорытындысы бойынша ШҚО оқушылары жеңімпаз атанды.
II дәрежелі диплом - Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы облыстық үш тілде оқытатын ДБА ММ «Шамшырақ» газеті.
III дәрежелі диплом - Өскемен қаласындағы №9 ОМ «Девяточка» газетімен №31 ОМ «Переменка» газеті.
«Лидер» газеті оқырмандармен жұмыс барысында» номинациясы бойынша Риддер қаласының ОТК «Вестник» газеті марапатталды.
«Жаңа түрдегі басылымды жете дайындағаны үшін» номинациясы бойынша Өскемен қаласындағы №26 ОМ «Мы» газеті марапатталды.
Байқауда жеке жетістіктері үшін
Келесі оқушылар грамоталармен марапатталды:
«Экономика проблемаларын жарыққы шығаратын үздік материял» - Айтқалиев Қуат, Абай ауданы Қарауыл МГ 11 сынып оқушысы.
«Саясат мәселелерін жарыққа шығаратын үздік материал» - Кенжеғұлова Әсем, Аягөз ауданы №3 ОМ 11 сынып оқушысы.
«Менің қаламның, ауданымның, мектебімнің, сыныбымның, отбасымның өміріндегі маңызды оқиға» - Мұхамедиярова Тоғжан, Абай ауданы Құндызды ОМ 10 сынып оқушысы.
«ҚР спорттық жетістіктері туралы үздік эссе» - Артем Мацак, Риддер қаласы ОТК 10 сынып оқушысы. «Өнегелі сабақ» - Анастасия Наумовская, Риддер қаласы ОТК 10 сынып оқушысы.
«Менің отбасымдағы маңызды оқиға» - Дорошенко Полина, Өскемен қаласындағы №9 ОМ 7 сынып оқушысы, Ященко Павел 10 сынып оқушысы, Мерингер Кристина, Риддер қаласы, ОТК 10 сынып оқушысы марапатталды.