2015 жылы 24-29 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушыларының командасы экономика бойынша республикалық турнирге қатысты.
Шараны Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi, ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы және «Джуниор Эчивмент Қазақстан» қоғамдық қоры ұйымдастырды.
Турнир Алматы қаласындағы Қазақстан-Британ университетінде өтті.
Турнирдің мақсаты:
- экономика негiздерi бойынша ғылым ретінде меңгеруге қызығушылықтары бар қабiлеттi оқушыларды анықтау, қолдау және дамыту;
- экономика саласына дарынды оқушыларды алдын ала бейіндік тұрғыда дайындау;
- мектеп оқушыларының экономикалық бiлiмдерін насихаттау және ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыру;
- экономикалық бiлiм арқылы бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу.
Республикалық турнирге Шығыс Қазақстан облысынан төмендегі 4 оқушы қатысты:
- Медведева Александра – Өскемен қаласының «Бриг» жекеменшік мектебінің 9 сынып оқушысы;
- Нургалиева Малика, Рябоконь Александра – Семей қаласының экономикалық лицейінің 10, 11 сынып оқушылары;
- Алтайканова Әйгерим – Өскемен қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы.
Республикалық турнир дәстүрлі түрде 3 кезеңнен тұрды: шығармашылық тапсырма (эссе жазу), теориялық айналым, экономикалық ойын.
Турнирдің нәтижесі бойынша Медведева Александра екінші орынға ие болды.
Қазылар алқасы мүшелерiнiң шешiмi бойынша Алтайканова Әйгерімге Қарағанды Экономикалық Университетінің білім гранты, Рябоконь Александраға Мәскеу экономикалық университетінде оқуға бiлiм гранты тағайындалды.
Турнирдің барлық қатысушыларына сертификаттар табысталды.
Барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Келешекте жаңа табыстар тілейміз!