+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Бірінші республикалық фестивалдің іріктеу кезеңі Шығыста
30 Нау, 10:38

2015 жылдың 26 наурызында Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы, өңірлік-ғылыми практикалық «Дарын» орталығы Қазақстан Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясымен бірлесе Шығыс Қазақстан халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер училищесінде «Балалар әлем ырғағында» атты шығармашыл жастардың бірінші республикалық фестивалінің өңірлік іріктеу кезеңін  өткізді. 

Фестивальдің мақсаты – қабылетті және талантты жас орындаушыларды анықтау және қолдау, балалар шығармашылығын дәріптеу,  насихаттау және Қазақстанның әр аймағындағы жас орындаушылардың арасындағы байланысты нығайту.

Фестиваль - «Музыка», «Вокал», «Хореография» номинациялары бойынша 12-13, 14-15, 16-17 жас ерекшеліктеріне қарай өтті. Өңірлік іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша әр жас ерекшелігіне бөлінген топтар мен номинацияларға байланысты қатысушылар іріктеліп, 2015 жылдың 15-17 маусымы аралығында Алматы қаласында фестивальдің финалына қатысады және Гала-концертте өнер көрсетеді. Іріктеу кезеңінең қорытындысы сәуір айында белгілі болады.

Өңірлік іріктеу кезеңінің ұйымдастырушыларына Қазақстан Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясының алғыс хаттары, барлық қатысушыларғы сертификаттар табыс етілді.