2015 жылы 21-31 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан облысының командасы Атырау қаласында қоғамдық-гуманитарлықбағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиадаға қатысып қайтты.
Шараны өткізудің мақсаты – ғылыми білімді насихаттау және оқушылардың ғылыми жұмысқа қызығушылығын арттыру, дарынды балаларды дамытуға қажетті жағдай жасау.
Олимпиадаға Қазақстан Республикасының барлық облыстарынан 9-11 сыныпта оқитын 500-ден аса дарынды оқушылар – олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары қатысты. Шығыс Қазақстан облысы командасының намысын 32 оқушы қорғады.
Республикалық олимпиада қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының командасы I орынға және «2015 жылдың үздік олимпадалық командасы» атағына ие болды.
I дәрежелі дипломмен және алтын медальмен келесілер марапатталды:
- Бобко Екатерина – Семей қаласының экономикалық лицейінің 10 сынып оқушысы (орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі);
- Төлеужанова Нұрай – Семей қаласының №37 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы (қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі);
- Дюкова Алёна – Өскемен қаласының №38 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы (құқық негіздері);
- Дураченко Галина – Жарма ауданы, Георгиевка орта мектебінің 11 сынып оқушысы (орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі).
II дәрежелі дипломмен және күміс медальмен:
- Батманов Алишер – Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы (ағылшын тілі);
- Бекболов Дәулет – Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің 10 сынып оқушысы (Қазақстан тарихы);
- Слямов Алтай – Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы (Қазақстан тарихы);
- Убина Анель – Өскемен қаласының №38 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы (Қазақстан тарихы);
- Уәлибекова Ділда – Абай ауданы, Қарауыл гимназиясының 10 сынып оқушысы (қазақ тілі мен әдебиеті);
- Раздомина Анна – Көкпеті ауданы, Көкпекті орта мектебінің 10 сынып оқушысы (орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі).
III дәрежелі дипломмен және қола медальмен:
- Жаирбаев Артур – Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің 10 сынып оқушысы (қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі);
- Исполов Жасұлан – Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы (қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі);
- Маратұлы Темірлан – Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің 10 сынып оқушысы (Қазақстан тарихы);
- Черепанова Ульяна – Өскемен қаласындағы дарынды балалар үшін мамандандырылған №34 мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы (құқық негіздері);
- Рамазанова Ақиқат – Өскемен қаласының №3 көпбейінді мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы (қазақ тілі мен әдебиеті);
- Ауданбекова Аружан – Өскемен қаласының №38 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы (ағылшын тілі);
- Лабуков Иван – Өскемен қаласының №38 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы (ағылшын тілі);
- Кустаубаева Лаура – Өскемен қаласының А. Гумбольт атындағы №12 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы (неміс тілі);
- Калиева Малика – Өскемен қаласының №10 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы (неміс тілі);
- Жарылғап Ержан – Жарма ауданының Георгиевка орта мектебінің 11 сынып оқушысы (Қазақстан тарихы);
- Түгелжанова Марал – Абай ауданы, Қарауыл гимназиясының 11 сынып оқушысы (қазақ тілі мен әдебиеті);
- Калиаскарова Айгерим – Бородулиха ауданы, Жезкент кенті мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы (құқық негіздері);
Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының грамоталарымен:
- Мамедов Мухтар – Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы (орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі);
- Асқадұлы Қанат – Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің 10 сынып оқушысы (қазақ тілі мен әдебиеті);
- Мухамадиева Камила – Өскемен қаласындағы дарынды балалар үшін мамандандырылған №34 мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы (құқық негіздері);
- Идришева Әсем – Өскемен қаласының №10 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы (неміс тілі);
- Кали Сымбат – Үржар ауданы, А. Найманбай атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы (ағылшын тілі).
Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 50% бiлiм грантын Мамедов Мухтарға - Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысына тағайындады.