+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Республикалық «Ақберен» байқауынан алтын медальмен оралды
26 Нау, 13:09

2015 жылдың 19-21 наурызы аралығында Түркістан қаласындағы Н. Оңдасынов атындағы дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп-интернатында ІІ республикалық «Ақберен» байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты - жас дарындар арасынан тапқыр талантты жан –жақты өнерлі балаларды іздеп табу, ұлттық ортаны қалыптастыруға жол көрсетіп суырып салмалық, әмбебаптық қабілеттеріне баса ден қою, табиғи танымдық қабілеттерін айқындау.

Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 90-нан астам дарынды оқушы қатысты. Олар «Шешендік өнер», «Көркемсөз оқу», «Шығарма», «Ұлттық аспапта ойнау», «Ақындар айтысы» және «Ақындар мүшәйрасы» номинациялары бойынша өз өнерлерін көрсетті.

Шығыс Қазақстан облысының намысын Семей қаласы, Күршім мен Тарбағатай аудандарының 6 оқушысы қорғап қайтты.

Байқау қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының командасы І-командалық орынды иеленіп, ауыспалы кубокты жеңіп алды. Команданың барлық мүшелеріне І-дәрежелі дипломдармен алтын медальдар табыс етілді.

2 оқушы номиациялар бойынша қосымша дипломдармен марапатталды:

- «Сөз ұстазы» дипломымен «Шығарма» номинациясы бойынша Күршім ауданының №3 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Шарипханова Мөлдір;

- «Патриот ақын» дипломымен «Ақындар айтысы» номинациясында Тарбағатай ауданының Өкпеті орта мектебінің 8 сынып оқушысы Мұратов Ермұханбет.

Күршім ауданы Сарыөлең орта мектебінің 11 сынып оқушысы Камшат Өнер Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық университетінің оқу грантына ие болды.

Байқаудың шарты бойынша,байқау қатысушылары жеңімпаз болған облыста өткізіледі. Осыған байланысты келесі жылы республикалық «Ақберен» байқауы біздің жерімізде – Шығыс Қазақстан облысында өткізіледі.