+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Қазақстан жаңа әлемде» атты облыстық сурет және қолданбалы өнер туындылары конкурсын ұйымдастыру және өткізу ЕРЕЖЕСІ
20 Нау, 09:47

1. Жалпы ереже

Аталған ереже «Қазақстан жаңа әлемде» атты облыстық конкурстың (бұдан әрі - Конкурс) мақсаты мен міндеттерін, өткізу ережелері мен шарттарын белгілейді.

Конкурсты ұйымдастырушы ШҚО білім басқармасы, Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми- практикалық «Дарын» орталығы (бұдан әрі - «Дарын ШҚ ӨҒПО»).

Мақсаты мен міндеттері:

- сурет және қолданбалы өнерден қабылеті бар оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету;

- балалардың шығармашылық қабілеттерін ашу, дамыту;

- белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыру;

- туған жерінің, елінің мәдениетіне, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.

2. Конкурстың ұйымдастыру комитеті   

Конкурсты ұйымдастыру үшін ұйымдастыру комитет құрылады (ары қарай- Ұйымдастыру комитеті).

Ұйымдастыру комитеті:

- Конкурстың әзірлеу мен өткізу жұмыстарын тікелей басшылыққа алып, жүзеге асырады;

- қазылар алқасының құрамын қалыптастырып бекітеді;

- Конкурсқа қатысуға өтініштер мен қажетті жұмыстарды қабылдайды;

- Конкурсқа талдау жасап, қорытындылайды, жеңімпаздарды марапаттайды.

3. Конкурсты ұйымдастыру мен өткізу тәртібі

Конкурс келесі жас ерекшеліктеріне қарай өтеді:

- 7-10 жас;

- 11-17 жас.

Конкурс бағыттары:

1)    Сурет өнері;

2)    Қолданбалы өнер.

Конкурс жұмыстары қалалық (аудандық) білім бөлімдері басшыларының, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектепт директорларының қолы қойылған өтінішпен қоса жіберіледі.

Конкурс 2015 жылғы 24 - сәуірде өткізіледі.

Конкурс жұмыстары 2015 жылғы 20 – сәуірге дейін Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21 мекен-жайында ( «Дарын» ШҚ ӨҒПО) қабылданады.

Әр қалалық, аудандық білім бөлімдерінен, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептерден әр жас ерекшеліктері және бағыттары бойынша 4 жұмысқа дейін қабылданады.

Жіберілген жұмыстарға рецензия берілмейді және қайтарылмайды.

«Сурет өнері» бағытының талаптары:

1) жұмыстар көлемі 42х32 мөлшердегі рамалар (жақтау) форматында қабылданады;

2) жұмыстар талапқа сай орындалып, келесі мәліметтер көрсетілуі тиіс: орындаушының аты-жөні, жұмысының атауы, жас мөлшері, қала (аудан) оқитын мектебі, сыныбы, мұалімінің А.Ж.Т. (толығымен).

Бағалау критериилері:

 - жұмыс атауының алынған тақырыпқа және мазмұнына сәйкестігі;

- өзіндік шешімі және орындалу шеберлігі;

- дербестігі, шығармашылық тұрғыдан келуі;

- жұмыстың сапалы орындалуы;

- талаптарға сай болуы.

«Қолданбалы өнері» бағытының талаптары:

1)    Конкурстың бұл бағытына келесі техникада жасалған сәндік

бұйымдар қатыса алады: қолмен немесе машинамен тігілген жұмыстар, суретті кілем, батик, сәнді ұсақ моншақ, шыны тастар;

2)    барлық орындалған жұмыстар этикеткамен жабдықталуы тиіс;

3) этикеткада келесі мәліметтер көрсетіледі: орындаушының аты-жөні, жұмысының атауы, жас мөлшері, қала (аудан) оқитын мектебі, сыныбы, мұалімінің А.Ж.Т. (толығымен)

Бағалау критериилері:

-        ойының сонылығы;

-        шығармашылық талғам;

-        сапалы және көркем орындалыу;

-        жұмыс атауының алынған тақырыпқа және мазмұнына сәйкестігі.

4. Конкурс жеңімпаздарын марапаттау

Конкурс жеңімпаздары «Дарын» ШҚ ӨҒПО грамоталарымен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етіледі.