+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Қазақстан – жаңа әлемде» атты облыстық сурет және қолданбалы өнер туындылары конкурсын өткізу туралы
20 Нау, 09:42

2015 жылғы 24 сәуірде сурет және қолданбалы өнердегі дарынды балаларды анықтау, жеке шығармашылық және көркемдік қабілеттерін жетілдіру, туған елдің салт-дәстүрі мен мәдениетін құрметтеуге баулу, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында «Қазақстан – жаңа әлемде» атты облыстық сурет және қолданбалы өнер туындылары конкурсы өтеді.

Аталмыш конкурсқа облыстағы жалпы білім беретін мектеп оқушылары қатыса алады.

Конкурстың негізгі бағыттары: сурет өнері,қолданбалы өнер.

Конкурстың өту ережесі shygysdaryny.kz сайтында жарияланған.

Конкурсқа қалалық, аудандық білім бөлімдерінен, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептерден әр жас ерекшеліктері                  (7-10, 11-17 жас) және бағыттары бойынша 4 жұмысқа дейін қабылданады.

Сұраныс үлгісі:

Оқушының аты-жөні

Қала/аудан

Мектеп, сынып

Жасы

Шығармашылық жұмыстың атауы

Мекен жайы

 

 

 

 

 

 

 

Конкурсқа сұраныс пен орындалған жұмыс 2015 жылғы 20 сәуірге дейін Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21 мекен-жайында қабылданады (ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы).