+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Бастауыш сынып оқушыларының облыстық олимпиадасын өткізу
20 Нау, 09:36

1.    Мақсаты мен міндеттері

Берілген ереже жалпы білім беретін пәндер бойынша бастауыш сынып оқушыларының облыстық олимпиадасын (бұдан әрі – олимпиада) өткізудің тәртібін, мақсатын, міндеттерін анықтайды.

Олимпиаданың негізгі мақсаты мен міндеттері - ғылыми білімді насихаттау, оқушылардың интеллектуалдық дәрежесін жоғарлату, дарынды балалары анықтау мен дамыту үшін қажетті жағдай жасау болып табылады.

Олимпиаданың ұйымдастырушылары: Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы (бұдан әрі – ШҚО ББ), Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (бұдан әрі – ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы).

Олимпиаданың жұмыс тілі – қазақ және орыс тілдері.

    2. Олимпиаданың жұмысшы органы

Олимпиаданы дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру үшін ұйымдастыру комитеті құрылады.

  Ұйымдастыру комитеті:

-олимпиаданың жалпы өткізілу тәртібін анықтайды, тікелей басшылықты жүзеге асырады;

­-олимпиаданың қорытындысына талдау жүргізіп, қорытады;

­-олимпиада өткізілгенге дейін тапсырмалардың құпиялығына жауап береді;

-Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтайды.  

3. Қатысушылардың құрамы

Олимпиадаға облыстың жалпы білім беретін мектептерінің және мамандандырылған білім беру мекемелерінің 2, 3, 4 сынып оқушылары (оқу тіліне қарамастан) қатысады.

Командалар аудандық, қалалық олимпиадалардың қорытындысы бойынша құралады.

Команда құрамы – 9 оқушы және 1 жетекші(кесте).

Пәндер

2 сынып

3 сынып

4 сынып

Қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті (оқу тіліне байланысты)

1 оқушы

1 оқушы

1 оқушы

Математика

1 оқушы

1 оқушы

1 оқушы

Дүниетану

1 оқушы

1 оқушы

1 оқушы

ИТОГО

3 оқушы

3 оқушы

3 оқушы

4. Олимпиаданың өткізілу тәртібі, мерзімі мен орны

  Олимпиада Ш кезеңде өткізіледі:

- бірінші кезең – мектепішілік, (ақпан);

- екінші кезең - аудандық/қалалық, (наурыз);

- үшінші кезең - облыстық (11 сәуір).

Олимпиада үш пән бойынша өткізіледі: "Қазақ тілі мен әдебиеті" (қазақ тілінде оқитын сыныптар үшін), "Орыс тілі мен әдебиеті" (орыс тілінде оқитын сыныптар үшін), "Математика", "Дүниетану". Жұмыс жазбаша орындалады. Орындау уақыты: 90 минут.

5. Олимпиада жеңімпаздарын марапаттау

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.  Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

6. Қаржыландыру

Олимпиаданың қаржыландырылуы құрылып, бекітілген шығындар сметасына  сәйкес жүзеге асырылады.

Олимпиадаға қатысушылардың жол ақысы бағыттаушы жақтың немесе демеушілердің есебінен өтеледі.