+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Қазақ тілі мен әдебиетінен Қ. Бітібаева атындағы облыстық олимпиаданы ұйымдастыру мен өткізу ережелері
20 Нау, 09:31

Берілген Ережелер қазақ тілі мен әдебиетінен академик, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, «Құрмет» орденінің иегері Қ. Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданың облыстық кеззеңін (бұдан әрі – Олимпиада) ұйымдастыру мен өткізутәртібін анықтайды.

Олимпиада мақсаты – Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау көрсету болып табылады.

Олимпиаданың негізгі міндеттері:

-оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білімдерін жетілдіру мен тереңдету;

-Патриотизмді, азаматшылықты дамыту, ұлттық мәдениетке, дәстүрлерге деген құрметті дәріптеу;

-оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Олимпиаданы Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы ұйымдастырады.

2. Олимпиаданың жұмысшы органы

Олимпиаданы үйлестіру және дайындау мен өткізу бойынша істі жүзеге асыру үшін ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – ұйымдастыру комитеті) құрылады.

Ұйымдастыру комитеті:

1) Олимпиадаға жалпы жетекшілік етуді жүзеге асырады;

2) Олимпиаданың облыстық кезеңінің қазылар алқасының құрамы мен саны бойынша ұсыныстар енгізеді;

4) Олимпиаданың қорытындысын сараптайды және таратады;

5) Республикалық ұйымдастыру комитетіне Олимпиаданың облыстық кезеңінің жүлдегерлер тізімін ұсынады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау, Олимпиада қатысушыларының рейтингісін құру үшін құрамына өңірдің алдыңғы қатарлы ЖОО ғалымдары, білім бөлімдерінің әдіскерлері, Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің шығармашылықпен қызмет ететін мұғалімдері кіруі мүмкін қазылар алқасы таңдалып алынады.

Олимпиаданың республикалық кезеңінің төрағасы мен құрамы Республикалық ұйымдастыру комитетінің ұсынысы бойынша Министрлікпен бекітіледі.

Әр сынып бойынша қазылар алқасының саны тақ саннан (3 адамнан кем емес) құралады.

Қазылар алқасының құрамына оқушысы Олимпиадаға қатысатын мұғалімдер кіргізілмейді.

3. Олимпиаданы ұйымдастыру мен өткізу тәртібі

Олимпиадаға қазақ тілінде білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушылары ерікті түрде қатыса алады.

Олимпиада 3 кезеңде өткізіледі:

1) бірінші – аудандық (қалалық) – аудандық және қалалық білім бөлімдері ағымдағы оқу жылының наурыз айында білім басқармасының тиісті органдары дайындаған тапсырмалар бойынша өткізеді;

2) екінші – облыстық – ағымдағы оқу жылының 2 сәуірінде республикалық Ғылыми-әдістемелік кеңес дайындаған тапсырмалар бойынша өткізеді.

Олимпиаданың екінші кезеңіне бірінші кезеңнің жеңімпаздары қатыса алады. Әр ауданнан (қаладан), облыстық мамандандырылған мектептен 3 оқушы қатыса алады: 9 сынып - 1 оқушы, 10 сынып - 1 оқушы, 11 сынып - 1 оқушы.

3)   үшінші кезең – республикалық – Өскемен қаласында 21-24 сәуір аралығында республикалық Ғылыми-әдістемелік кеңес дайындаған тапсырмалар бойынша өткізіледі.

Олимпиада 2 айналымда өткізіледі:

1 айналым – жазбаша – эссе;

2 айналым – ауызша – қазақ тілін, қазақ әдебиетінің шығармаларын, Қ.О. Бітібаеваның өмірбаянын, оның ғылыми мұрасын және публицистикалық еңбектерін білу бойынша.

4. Олимпиада жеңімпаздарын марапаттау

Олимпиаданың жүлдегерлері I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталады.   

Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады.

5. Олимпиаданы қаржыландыру

Олимпиада қатысушыларының жол жүруін, тамақтану және тұратын жерін ұйымдастырумен байланысты шығындар жіберуші білім мекемелерінің немесе жеке (демеушілік) қаражат есебінен жүзеге асырылады.

Облыстық кезеңді өткізу, жүлдегерлерді марапаттау бекітілген шығындар сметасы шегінде жүзеге асырылады.