Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы «ШҚО хореографтар ассоциациясы» ҚБ-мен бірлесе, ҰОС Жеңісінің 70 жылдығына орай Халықаралық «Таланттар шұғыласы» байқауын өткізетінін хабарлайды.
Байқаудың мақсаты: өнерлі де дарынды балаларды анықтап, қолдау көрсетуге жағдай жасау және ұлтаралық қатынастар мәдениетін қалыптастыру.
Байқаудың облыстық кезеңі келесі кесте бойынша өткізіледі:
- 19 сәуірде – бала бақшалар, шағын орталықтар, жалпы орта білім беретін мектептер, облыстық білім мекемелері, өнер мектептері, аула клубтары;
- 2 – 3 мамырда – бала бақшалар, шағын орталықтар, өнер мектептері, мәдениет, шығармашылық үйлері, музыка мектептері жанындағы шығармашылық ұжымдар.
Байқау туралы Ереже http://www.shygysdaryny.kz сайтында жарияланған.
Қатысушыларды облыстық кезеңге тіркеу үшін 2015 жылдың 15 сәуіріне дейін Өскемен қаласы, 30-шы Гвардия Дивизиясы көшесі, 6 (Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер ат. өнер училищесі), 8/7232/767450 тел/факсына немесе bogatyreva.olga.69@mail.ru электронды мекен-жайына келесі үлгідегі өтінімді жіберу қажет:
|
Ұжымның атауы, жетекшінің аты-жөні, байланыс телефоны |
Мемлекет атауы, облыс, аудан, қала |
Жас ерекшелігі |
Номинация (халықтық немесе заманауи би) |
Нөмірдің атауы |
Орындаушылар саны |
Қосымша ақпараттар алу үшін 8/7232/ 8/7232/256856, 261693, 700609телефондарынахабарласуға болады.