2011 жылы 27-28 ақпан күндері Шығыс Қазақстан облысының оқушылары Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында өткен республикалық «Жыр алыбы-Жамбыл» атты жас ақындардың айтысына қатысты.
Шараның мақсаты – оқушыларды ұлттық рухани құндылықтар негізінде тәрбиелеу, олардың шығармашылығын дамыту, жас ұрпақтың тарихи ойлау қабілетін, гуманизмге, демократияға бағдарланған тұрақты өмірлік ұстанымдарын, дүниетанымын қалыптастыру, дарынды оқушыларды қолдау.
Шығыс Қазақстан облысынан айтысқа төмендегі оқушылар қатысты:
- Семей қаласы №47 ОМ 11 - сынып оқушысы Нұрланқызы Талшын;
- Семей қаласы №47 ОМ 9 - сынып оқушысы Кенжебекұлы Қуандық.
Қазылар алқасы республикалық айтыста Шығыс Қазақстан облысының дайындық дәрежесінің жоғары екендігін айтып өтті.
Республикалық айтыстың қорытындысы бойынша Нұрланқызы Талшын I дәрежелі дипломмен марапатталып, ақшалай сыйлық алды.