+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Таланттар шұғыласы» халықаралық би байқауын ұйымдастыру және өткізу ЕРЕЖЕЛЕРІ
18 Нау, 08:52

І. Жалпы ережелер

Бұл ереже «Таланттар шұғыласы» халықаралық би Байқауының (ары қарай - Байқау) мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастыру мен өткізудің ретін, қорытынды шығаруды және жүлдегерлерді, Байқауды қаржыландыруды анықтайды.

Байқаудың ұйымдастырушылары: Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы, «ШҚО хореографтар ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі.

Байқаудың мақсаты:

- өнерлі де дарынды балаларды анықтап, қолдау көрсетуге жағдай жасау және

ұлтаралық қатынастар мәдениетін қалыптастыру.

Міндеттері:

- өскелең ұрпаққа рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беру;

- халықтардың үздік мәдени мұраларды жас жеткіншектер бойына сіңіру;

-хореографиялық өнердің деңгейін жоғарлату;

-қатысушылардың шығармашылық жетістіктері және тәжірибемен алмасу, орындаушылар мен ұжымдардың шығармашылық қарым-қатынастарын орнату.

ІІ. Байқауды ұйымдастырушы комитеті

Байқауды ұйымдастыру мен өткізу үшін ұйымдастырушы комитет (ары қарай – Ұйымдастыру комитеті) құрылады;

Ұйымдастыру комитеті:

-             Байқаудың концепциясын әзірлейді;

-             Байқауды әзірлеу мен өткізуге тікелей басшылықты жүзеге асырады;

-             қазылар алқасының құрамын құрып жасайды және бекітеді;

-             Байқауға қатысуға өтінімдер мен қажетті материалдарды қабылдайды;

-             Байқауға талдау жасап, қорытындылайды;

-             Байқаудың өткізілуі мен нәтижелерінің бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көруін қамтамасыз етеді.

ІІІ. Байқауды ұйымдастыру және өткізу

Байқау 2 кезеңде өткізіледі:

I кезең – іріктеу – ШҚО аудандарында (қалаларында) өткізіледі.

II кезең – облыстық – Өскемен қаласында өткізіледі:

- 19 сәуірде – бала бақшалар, шағын орталықтар, жалпы орта білім беретін мектептер, облыстық білім мекемелері, өнер мектептері, аула клубтары;

- 2 – 3 мамырда – бала бақшалар, шағын орталықтар, өнер мектептері, мәдениет, шығармашылық үйлері, музыка мектептері жанындағы шығармашылық ұжымдар.

Қатысушыларды облыстық кезеңге тіркеу үшін 2015 жылдың 15 сәуіріне дейін Өскемен қаласы, 30-шы Гвардия Дивизиясы көшесі, 6 (Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер ат. өнер училищесі), 8/7232/767450 тел/факсына немесе bogatyreva.olga.69@mail.ru электронды мекен-жайына келесі үлгідегі өтінімді жіберу қажет:

Ұжымның атауы,

жетекшінің

аты-жөні,

 байланыс телефоны

Мемлекет атауы,

облыс, аудан, қала

Жас ерекшелігі

Номинация

(халықтық

немесе заманауи би)

Нөмірдің атауы

Орындаушылар саны

 

 

 

 

 

 

 

19 сәуірде Байқау 5 жас ерекшеліктері бойынша өтеді:

1) 3 - тен 5 жасқа дейін – хореография өнерінің кез-келген жанрынан (классикалық, халықтық, заманауи) 1 нөмір;

2) 6 - дан 8 жасқа дейін – хореография өнерінің кез-келген жанрынан (классикалық, халықтық, заманауи) 1 нөмір;

3) 9 - дан 11 жасқа дейін – халықтық биден 1 нөмір (халықтық би номинациясы), demi классика немесе заманауи биден 1 нөмір (заманауи би номинациясы);

4) 12 - ден 14 жасқа дейін – халықтық биден 1 нөмір (мүмкін болса осы нөмірді ҰОС 70 жылдығына арнау) – (халықтық би номинациясы), demi классика немесе заманауи биден 1 нөмір (мүмкін болса осы нөмірді ҰОС 70 жылдығына арнау) – (заманауи би номинациясы);

5) 15 – тен 17 жасқа дейін – халықтық биден 1 нөмір (мүмкін болса осы нөмірді ҰОС 70 жылдығына арнау) - (халықтық би номинациясы), demi классика немесе заманауи биден 1 нөмір (мүмкін болса осы нөмірді ҰОС 70 жылдығына арнау) – (заманауи би номинациясы).

2 мамырда Байқау 3 жас ерекшеліктері бойынша өтеді:

1) 3 - тен 5 жасқа дейін – хореография өнерінің кез-келген жанрынан (классикалық, халықтық, заманауи) 1 нөмір;

2) 6 - дан 8 жасқа дейін – халықтық биден 2 нөмір (халықтық би номинациясы), demi классика немесе заманауи биден 2 нөмір (заманауи би номинациясы);

3) 9 - дан 11 жасқа дейін – халықтық биден 2 нөмір (халықтық би номинациясы), demi классика немесе заманауи биден 2 нөмір (заманауи би номинациясы);

4) 12 - ден 14 жасқа дейін – халықтық биден 2 нөмір (мүмкін болса 1 нөмірді ҰОС 70 жылдығына арнау) - (халықтық би номинациясы), demi классика немесе заманауи биден 2 нөмір (мүмкін болса 1 нөмірді ҰОС 70 жылдығына арнау) - (заманауи би номинациясы);

5) 15 тен 17 жасқа дейін – халықтық биден 2 нөмір (мүмкін болса 1 нөмірді ҰОС 70 жылдығына арнау) - (халықтық би номинациясы), demi классика немесе заманауи биден 2 нөмір (мүмкін болса 1 нөмірді ҰОС 70 жылдығына арнау) - (заманауи би номинациясы);

6) 18 жастан 25...жасқа дейін – халықтық биден 2 нөмір (мүмкін болса 1 нөмірді ҰОС 70 жылдығына арнау) - (халықтық би номинациясы), demi классика немесе заманауи биден 2 нөмір (мүмкін болса 1 нөмірді ҰОС 70 жылдығына арнау) - (заманауи би номинациясы).

Байқаудың қорытындысы әр топта, әр жас ерекшеліктері бойынша жүзеге асады.

Биді бағалау өлшемдері:

- номердің драматургиялық құрылымы;

- бидің мазмұнына атауы мен сахналық костюмдерінің сай келуі;

- номердің мазмұны жас ерекшеліктеріне сәйкестігі;

- орындаушылық және әртістілік шеберлік деңгейі;

Қазылар алқасы Байқаудың қорытындысы бойынша әр номинация бойынша Бас жүлде және I, II, III дәрежелі дипломанттардың иегерін анықтайды. Байқаудың барлық қатысушыларына қатысқаны үшін дипломдар табыс етіледі.

 

Халықаралық «Таланттар шұғыласы» байқауы республикалық Дельфий ойындарының іріктеу кезеңі болып табылады.

IV. Фонограммаға қойылатын техникалық талаптар

Байқаудың облыстық кезеңінің қатысушылары фонограмманыңUSB-флешкадағы жазбасын ансамбльдің атауын және шығарманың атауының көрсетілуімен беруі.

Назар аударыңыздар! Байқау ұйымдастырушылары жарыс өткізілетін жерде әуен жазумен, оны реттеумен шұғылданбайды, әуен дұрыс форматта болуы шарт.

V. Байқауды қаржыландыру

Байқауды қаржыландыру құрастырылған және бекітілген сметаға сәйкес жүзеге асырылады.

Қатысушылардың іссапар шығындары (жол жүру, жатын орын, тамақтану) жіберуші білім мекемелерінің есебінен төленеді.