+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Дарынды оқушылардың Кореядағы жеңісі
13 Нау, 06:21

2015 жылдың 27 ақпаны мен 8 наурызы  аралығында Оңтүстік Корея мемлекеті, Тэджон қаласындағы «Жас ғалым» халықаралық конкурсында Шығыс Қазақстан облысының командасы аймақтың намысын қорғады.

Сайыстың мақсаты: дарынды оқушыларды іріктеп, қолдау, зерттеушілік-ізденіс қызметіне қызығушылық танытқан оқушылардың үздік жетістіктерін насихаттау және Кореяның жоғарғы оқу орындарымен шығармашылық қарым-қатынасты нығайту.

Халықаралық конкурсқа әлемнің барлық елдерінен оқушылар қатысты. Шығыс Қазақстан облысынан 16 оқушы қатысып, сайыстың қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болды.

І дәрежелі дипломмен Өскемен қаласындағы «Восток» ғылыми-зерттеу дамыта оқытудың арнайы орталық-мектеп-кешенінің 11 сынып оқушысы Силина Елизавета.

ІІ дәрежелі дипломмен:

- Өскемен қаласы, Оралхан Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы Көжебаев Әділет;

- Семей қаласы,  №29 «Пальмир» орта мектебінің 11 сынып оқушысы Каменская Анастасия;

- Өскемен қаласы, Қазақ-Ресей гимназиясының 9 сынып оқушысы Хосчанова Диана;

-  Семей қаласы, қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы  Исатаев Арман;

- Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы дарынды балаларға арналған облыстық үш тілде оқытатын мектептің 11 сынып оқушысы Калимова Айжан.

ІІІ дәрежелі дипломмен:

- Семей қаласы, қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы Хасенов Ерасыл;

- Семей қаласы, №30 орта мектептің 11 сынып оқушысы Балтабекова Мадина;

- Өскемен қаласы,  қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы Маханбет Олжас.

Сайысқа қатысушылар үшін қызықты мәдени-танымдық бағдарлама: Сеул қаласының көрікті жерлеріне, ғылыми-тарихи мұражайларға, Император сарайына саяхат ұйымдастырылды.

Кореядағы халықаралық конкурстың жеңісі – 2015 жылдағы облысымыздың дарынды оқушыларының тағы жарқын жетістіктерінің бірі деп білеміз.