+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Жалпы білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткер оқушыларды онлайн тестілеу қорытындылары
13 Нау, 06:12

2014-2015 оқу жылында қалалық (аудандық) білім бөлімдері және дарынды балаларға арналған арнайы мамандандырылған мектептердің ақпаратына сәйкес жалпы білім туралы«Алтын белгі» аттестатын алуға үміткерлер саны - 446 оқушы.

2014 жылдың қарашасынан бастап ҰБТ-ға даярлау мақсатында, әр айдың 26 күні Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Д. Серікбаев ат. Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетімен бірлесіп, ҰБТ-ға даярлық аясында облыстың жалпы білім беретін мектептерінің«Алтын белгі» аттестатын алуға үміткер оқушыларына арналған тегін онлайн тестілеу өткізеді.

Қазіргі уақытта 4 сынақ онлайн тестілеу өткізілді.

Бірінші онлайн тестілеуде 164, екіншіде-104, үшіншіде-77, төртіншіде-117 оқушы қатысты.

Бородулиха ауданы, Семей қаласындағы ҚТЛ оқушылары 4 онлайн тестілеуге қатыспады.

Үшінші тестілеуге Өскемен қаласындағы ҚТЛ, 2-ге Үржар және Ұлан аудандарының оқушылары қатыспады.

Төртінші онлайн тестілеудің қорытындысы бойынша Тарбағатай ауданы, Жантекей ОМ және Жамбыл ат. ДБА ОММГИ оқушылары 110 ұпайдан жоғары алса, ең төменгі 60 ұпайды Үржар ауданы, Карелин ат. ОМ оқушылары иеленді.

 ҰБТ-ға сапалы даярлық болу үшін қалалық (аудандық) білім бөлмдері басшылары, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп директорлары ерекше үлгідегі«Алтын белгі» аттестатын алуға үміткер оқушылардың 100 пайыз тестілеуге қатысуы үшін қажетті жұмыстар жүргізу ұсынылады.

Ерекше үлгідегі «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткер оқушылардың онлайн тестілеуге қатысуына салыстырмалы сараптама ұсынылады (қосымша 1, 2).