+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Білімді ұрпақ – жарқын болашақ кепілі
04 Нау, 02:51

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2015 жылдың 27-28 ақпаны күндері өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Өскемен қаласындағы «Нұрорда» Халықаралық мектебі, Семей қаласындағы дарынды дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-лицейімен бірлесе отырып, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау, оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту мақсатымен облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 7-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілінен «Жарқын болашақ» олимпиадасын өткізді.

Қатысушылар «Тілші-әдебиетшілер», «Сөз шеберлері», «Әнші бұлбұлдар», «Жас ғалымдар», «Жазушылар» бағыттары бойынша өз білімдері мен өнерлерін сынасты.

Оқушылардың білімдерін КАТЕV халықаралық қоғамдық қоры мен облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың өкілдері, облыстық «Дидар» газеті, қалалық «Менің өлкем», «Семей таңы», «Ертіс өңірі» газеттерінің тілші-журналистері мен өңірдің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының білікті мамандары бар қазылар алқасы сарапқа салды.

Олимпиадаға облыс мектептерінен барлығы 208 оқушы қатысып, оның 84-ті жүлдегер атанды.

17 жүлдегер І дәрежелі, 24 – ІІ дәрежелі және 43 – ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Облыс кезеңінің І-орын алған жеңімпаздары 3-5 сәуір аралығында Астана қаласында Шығыс Қазақстан облысының намысын республикалық қазақ тілінен болатын «Жарқын болашақ» олимпиадасында қорғайды.

Қатысушыларға сәттілік пен жеңістер тілейміз!