+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Алатау бөктеріндегі айтулы айтыс
03 Нау, 11:42

Қазақстың ұлы жырау ақыны, жыршы, өлең сөздің дүлдүлі Жамбыл Жабаевтың шығармашылығын насихаттау, жас ұрпақтың рухани әлемін дамыту, оқушылардың поэзия құштарлықтарын арттыру мақсатында 2015 жылдың 24 мен 26 ақпан аралығында Алматы облысы, Ұзынағаш ауданында республикалық «Жыр алыбы - Жамбыл» атты жас ақындар айтысы болып өтті.

Аталмыш додаға Шығыс Қазақстан облысының намысын Тарбағатай ауданы, Өкпеті орта мектебінің 8 сынып оқушысы Ермұханбет Мұратов қорғады. Нәтижесінде Алматы облысы әкімінің арнайы жүлдесін иемденіп, ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Туған жерінің туын жықпай, аброймен оралған жас тұлпарымыздың келешектегі шабысына шабыт тілей отырып, алған жүлдесімен шын жүректен құттықтаймыз!