Сіздерге Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу мақсатында Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі «Тәуелсіз Қазақстанның бейбітшілік пен жасампаздық жолында 20 жылдық өркендеу дәуірі», «Тәуелсіздік – Ел бақыты», «20 – летию Независимости моей родины посвящается…», «Мой Независимый Казахстан» тақырыптары бойынша жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық шығарма конкурсын өткізетінін хабарлаймыз.
Әр қаладан (ауданнан), облыстық білім мекемелерінің әр сыныбынан бір жұмыстан алынып, барлығы төрт жұмыс қабылданады.
Шығарма ұзын жолақты оқушы дәптерінде орындалып, көк не күлгін түсті сиямен жазылуы тиіс. Дәптердің сыртқы бетінде оқушының аты-жөні, сыныбы, мектебі, ауданы, қаласы, облысы жазылуы қажет. Шығармалар әр түрлі формада жазылуы мүмкін: миниатюра - шығарма, ой толғау - шығарма, пікір - шығарма. Конкурстық жұмыстар мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу өтінімін, конкурстық жұмыстарды 2011 жылдың 15 наурызына дейін мына мекен-жайға жіберулеріңіз керек: Өскемен қаласы, 30-Гвардиялық дивизия көшесі, 4; тел.: 8(7232) 75-77-19.