Білім сапасын арттыру және дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2015 жылдың 25 – 31 наурызы аралығында «Қазақстан тарихынан түрлі деңгейдегі олимпиадаларға оқушыларды дайындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар» тақырыбында қашықтықтан оқыту семинарын өткізеді.
Семинарға қазақ тілінде оқытатын білім беру ұйымдарының Қазақстан тарихы пәні мұғалімдері қатыса алады. Қатысу ерікті түрде, ақылы. Оқу құны – 3000 теңге. Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталады.
Семинар Ережелері ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының www.shygysdaryny.kz сайтында орналасқан.
Семинарға қатысу үшін 2015 жылдың 16 наурызға дейін ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына төмендегі үлгі бойынша өтінімді, сондай-ақ, төлемақы түбіртегінің көшірмесін 8/7232/552012 факсы немесе vk_daryn@mail.ru электронды мекен-жайына жіберу қажет.
Өтінім үлгісі:
|
№ № |
Қатысушының А.Ж.Т. (құжат бойынша) |
Қала/ аудан, мектеп |
Оқыту тілі |
Байланыс телефоны |
Электронды мекен-жайы (әр қатысушыға бөлек) |
|
|
|
|
|
|
|
Оқу құнын мына есептеу шотына аудару қажет:
КГКП ВК РНПЦ «Дарын»
РНН 181600062103
ИИК KZ92826F0KZTD2000869
Филиал АО «АТФ Банк»
БИК ALMNKZKA Кбе 16
БИН 990840001922
Қашықтықтан оқыту семинарының алдында әрбір қатысушыға логины мен паролі электронды мекен-жайына жіберілетін болады.