Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Балалар әлем ырғағында» республикалық шығармашылық фестивалін өткізетіні жайлы хабарлаймыз.
Фестивальдің мақсаты: қабілетті және талантты жас орындаушыларды анықтау және қолдау, балалар шығармашылығын дәріптеу және насихаттау, Қазақстанның әр аймағындағы жас орындаушылардың арасындағы байланысты нығайту.
Фестиваль үш жас ерекшеліктеріне байланысты өтеді:
- І жас ерекшелік – 12-13 жас;
- ІІ жас ерекшелік – 14-15 жас;
- ІІІ жас ерекшелік – 16-17 жас.
Фестиваль келесі номинацияларды қамтиды:
- вокал;
- хореография;
- музыка.
Байқау туралы Ереже қосымша берілген.
Өңірлік іріктеу кезеңі Өскемен қаласында 2015 жылдың 26 наурызы күні өтеді.
Тапсырыстар 2015 жылдың 10 наурызына дейін қабылданады.
Байқауға қатысу үшін www.kazfuca.kz сайтында орналасқан онлайн сауалнаманы толтыру қажет. Тапсырыстар vk_daryn@mail.ru электронды мекен-жайларында қабылданады.
Қосымша ақпараттар алу үшін 87232700609 телефонына хабарласуға болады..