+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Жетістікке жеткен адамның тарихы» атты республикалық сырттай байқау өткізу туралы
23 Ақп, 05:01

Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Жетістікке жеткен адамның тарихы» атты республикалық сырттай байқау өтетінін хабарлайды.

Байқаудың мақсаты: балалардың шығармашылық мүмкіндіктерін ашу және дамыту, олардың шығармашылық әлеуеттерін жүзеге асыру үшін жағдай жасау.

Байқау үш жас ерекшеліктері бойынша өтеді:

-        кіші топ: 8-10 жас;

-        орта топ: 11-14 жас;

-        жоғарғы топ: 15-17 жас.

Байқау номинациялары:

-        әңгіме;

-        бейнеролик.

Байқау 2015 жылдың 17 ақпаны мен 31 наурыз аралығында www.ziyatker.org ғылыми-танымдық сайтында өтеді.

Байқау жұмыстары 2015 жылғы 31 наурызға дейін info.do@list.ru электрондық поштада қабылданады.

Берілген уақытынан кешігіп келген және факспен жіберілген жұмыстар қабылданбайды.

Байқау туралы Ереже қосымша берілген.

Барлық сұрақтар бойынша 8/7172/249305, 87023565188 телефондарына хабарласуға болады.