+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар сайысында тағы бірінші орынды иелендік!
20 Ақп, 09:38

2015 жылы 16-21 ақпан аралығында Шығыс Қазақстан облысының командасы Алматы қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық ғылыми жарыстарына қатысты.

Республикалық ғылыми сайысына бірінші (тестілеу) және екінші (іріктеу) турдан республикалық кезеңге жақсы нәтижемен өткен облыстық кезеңнің жүлдегерлері қатысты.

Ғылыми сайыс 4 бағыт бойынша өтті:

1. Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу (секциялар: математика, қолданбалы математика, экономика, информатика);

2. Ғылыми - техникалық прогресс, экономикалық өсудің негізгі буыны (секциялар: физика, техника, Жер және Космос туралы ғылымдар);

3.  Таза табиғи орта – Қазақстан – 2030 стратегиясын іске асырудың негізі (секциялар: биология, химия, қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау);

4. Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары (секциялар: тарих, өлкетану, этномәдениеттану, әдебиет, тіл білімі).

Республикадағы алдыңғы қатардағы жоғарғы оқу орнының ғалымдарынан құралған білікті әділ қазылар алқасы жобаларды келесі тұрғыдан бағалады: шығармашылық қабілеттілігі; ғылыми ойлауы; қолданылған зерттеу әдістерінің тиімділігі; тақырыптың ашылу дәрежесі; жете ашуы; шеберлік шешендігі; ұсынылған материалдың сапасы; айқындылығы; команда мүшелерінің үйлесімділік деңгейі.

Шығыс Қазақстан облысынан жарысқа 65оқушы қатысты (51 жоба).

Ғылыми жобалар сайысының дипломдарымен 43 оқушы: I орын – 3 оқушы (2 жоба), II орын – 15 оқушы (12 жоба) және III орын – 25 оқушы (19 жоба) марапатталды. 4 оқушы Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің грамотасымен марапатталды.

Сайыстың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының командасы тағы да жалпы командалық бірінші орынға және «2015 жылдың үздік командасы» деген номинациясына ие болды.

Республикалық ғылыми жобалар сайысының жеңімпаздар тізімі қосымшада берілген.