«Қазақстан – 2050» Жалпыұлттық қозғалысы» қоғамдық бірлестігі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен, Еуразиялық Медиа Форуммен және «КТК» телеарнасымен бірлесе, ҰОС жеңісінің 70-жылдығына орай 5-8, 9-11 сынып оқушылары арасында эссе жазудан республикалық байқау өткізетінін хабарлайды.
Байқаудың мақсаты: көпұлтты Қазақстан халқының Ұлы Отан соғысы жеңісіндегі ерлігінің маңызы мен ролін көрсету, патриотизм мен мақтаныш сезімін арттыру, ардагерлеріміздің ерен ерлігінің рухани астарын тереңінен әрі кеңінен түсінуге шақыру.
Байқау 2015 жылдың 5 ақпаны мен 15 сәуірі аралығында өтеді.
Жұмыстар қазақ және орыс тілдерінде 2015 жылдың 27 ақпанына дейін vk_daryn@mail.ru электрондық мекен-жайында қабылданады.
Байқау туралы Ереже қосымша берілген.
Барлық сұрақтар бойынша 8/7232/700609 телефонына хабарласуға болады.