«Бейбітшілік әлемі» Халықаралық қазақ творчестволық бірлестігі жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында 2015 жылдың 14-15 наурызы күндері Алматы қаласында, 2015 жылдың 26-27 наурызы күндері Түркістан қаласында республикалық «Тәуелсіздік – тірегім, теберігім!» фестивалін өткізетіні жайлы хабарлаймыз.
Фестиваль төрт жас ерекшеліктеріне байланысты өтеді:
- төменгі топ – 4-5 жас;
- кіші топ – 7 - 9 жас;
- орта топ – 10- 13 жас;
- жоғарғы топ – 14 - 17 жас.
Фестиваль келесі номинацияларды қамтиды:
- вокал (эстрада, дәстүрлі ән, терме, опера);
- музыкалық аспаптарда ойнау шеберлігі;
- би (классикалық, ұлттық, шығыс, африкалық, заманауи);
- көркем сөз (өлең, әңгіме, авторлық шығарма оқу, «қырықөтірік», ертегі айту);
- театрландырылған қойылымдар (әзіл-сықақ өнері, көңілді тапқырлар клубы, фокусниктер, иллюзионистер өнері);
- көрме (қол өнер бұйымдары, көркемсурет, фотосурет, сән, дизайн, жобалар көрмесі).
Тапсырыстар (Ереже талаптарына сай) academy_of_talants@mail.ru электронды мекен-жайларында қабылданады.
Байқау туралы Ереже қосымша берілген.
Қосымша ақпараттар алу үшін 87751768319 телефоны арқылы хабарласуға болады (Ұйымдастыру комитетінің өкілі).