+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Республикалық «Атадан мұра» өнер байқауы туралы
19 Ақп, 11:45

«Атадан мұра» қоры жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында 2015 жылдың 25-29 наурыз күндері республикалық «Атадан мұра» өнер байқауын (ары қарай – Байқау) өткізетіні жайлы хабарлаймыз.

Байқаудың мақсаты: жеткіншектердің қазақ өнеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жаңа, өзгеше идеяларды іздестіру және олардың рухани, көркемдік дамуын қалыптастыру.

Байқау үш жас ерекшеліктеріне байланысты өтеді:

- кіші топ – 6 жастан 10 жасқа дейін;

- орта топ – 11 жастан 14 жасқа дейін;

- жоғарға топ – 15 жастан 17 жасқа дейін.

Әр жас ерекшеліктер келесі номинацияларды қамтиды:

- вокал (дәстүрлі ән, эстрада, классика, дуэт, трио, квартет, хор);

- «Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл» тақырыбына шығарма;

- көркемсөз (драмадан үзінді, өлеңдер, қара сөздер);

- хореография (жеке, топтық би);

- сән өнері;

- театр;

- бейнелеу және қолданбалы өнер (аспаптар жасау, көркемсурет, графика, макраме, моншақпен өру және тб. түрлері).

Тапсырыстар (Ереже талаптарына сай) atadanmura@mail.ru электронды мекен-жайында 2015 жылдың 5 наурызына дейін қабылданады. 

Байқау туралы Ереже қосымша берілген.

Барлық сұрақтар бойынша 87016307026, 87273274642 телефондарына хабарласуға болады.