+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Биология пәні мұғалімдеріне арналған республикалық оқу-әдістемелік семинары туралы
17 Ақп, 12:56

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2015 жылдың 24-28 наурыз аралығында Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде биология пәні мұғалімдеріне арналған «Қазіргі мектепте ғылыми жобаларды қалыптастыру қызметінің биологиялық аспектілері» тақырыбында республикалық оқу-әдістемелік семинарын өткізеді.

Семинардың мақсаты – ұстаздардың педагогикалық шеберліктерінің деңгейін үздіксіз жетілдіру, олардың дарынды балалармен жұмысқа даярлығын қалыптастыру, оқушылардың ғылыми жобаларына қойылатын жаңа талаптар тұрғысынан мектепте ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру, мұғалімдердің ғылыми-теориялық, әдістемелік деңгейін жетілдіру.

Семинарға келу күні – 24 наурыз, аяқталуы – 28 наурыз.

Семинарға қатысу туралы өтінімді 2015 жылдың 4 наурызына дейін төмендегі үлгі бойынша ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына 8/7232/ 552012 факсы арқылы немесе e-mail:vk_daryn@mail.ru электронды мекен-жайына жіберу қажет:

Қатысушының аты-жөні (құжат бойынша)

Қала/ аудан, мектеп

Пәні, оқыту тілі

Еңбек өтілі, санаты

Байланыс телефоны

Қонақ үй қажеттілігі

 

 

 

 

 

 

 

Іссапар шығыны (ұйымдастыру жарнасы – 15000 тг., тамақтану және жатын орны, барып-қайту жолы) жіберуші білім мекемелерінің есебінен өтеледі.

Ұйымдастыру жарнасын мына есептеу шотына аудару қажет:

РГКП РНПЦ «Дарын»

РНН 600900131236

БИН 990240007434

ИИК (IBAN) KZ566010111000021443 (бюджеттен тыс)

БИК HSBKKZKX

Астана аймақтық филиал №119900

АО «Қазақстан НарСберБанк» Астана қ.

КБЕ16