+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
“Әл-Фараби 2011” олимпиадасының өткізілу қортындысы
01 Нау, 07:34

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми практикалық «Дарын» орталығы Алматы қ. әл-Фараби ат. Қазақ Ұлттық Университетімен бірлесе отырып 26 ақпанда Өскемен қаласындағы қалалық мамандандырылған математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мектепте дәстүрлі пәндік “Әл-Фараби-2011” олимпиадасын өткізді.cut

Олимпиаданың мақсаты: оқушылардың сабаққа деген мотивациясын ынталандыру арқылы шығармашылық қабілеттіліктерін дамыту, республика бойынша талапты да дарынды оқушыларды іріктеу.

Олимпиаданың өткізу  кезінде көшпелі комиссия өкілдері дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер (ҚММФИМ; ДБА Жамбыл ат.ОММГИ, ДБА ОММЛИ)  жоғарғы оқу орынның тұсаукесері өтті.

ДБА «Восток» ҒЗДО мектебінде дарынды балалармен жұмыстанатын мұғалімдер үшін семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында 12- жылдық оқуға ауысу, инновацияларды оқу процессіне енгізу мәселелері талқыланды. “Әл-Фараби 2011”  олимпиадасы 14 пән бойынша өтті.Биылғы олимпиадаға Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған дарынды балаларға арналған 7 мектебінен (ДБА «Восток» ҒЗДО, ДБА №34 ОММЛ, ДБА Жамбыл ат.ОММГИ, ҚММФИМ, ҚТЛ Семей қ., Шәкәрім ат.№5МГ, Назарбаев Зияткерлік мектебі Семей қ.) және 32 жалпы білім беретін облыс, Глубоковский, Жарма, Қатонқарағай, Абай, Шемонаиха, Бесқарағай мектептерінен барлығы 414 оқушы қатысты.

«Әл-Фараби» олимпиадасы республикалық оқушылар олимпиадалары тізіміне енді, осыған сәйкес олимпиада жүлдегерлері, әл-Фараби ат. ҚҰУ-де оқуға құқық беретін грантпен марапатталады. Олимпиада қортындысы 2011жылдың 15 наурызынан кейін әл-Фараби ат. ҚҰУ-нің сайтында жарияланады.