Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2015 жылдың 13 ақпаны күні Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Өскемен қаласындағы оқушылар шығармашылық сарайында ІІ республикалық «Ақберен» байқауының облыстық кезеңін өткізді.
Байқаудың мақсаты: жас дарындар арасынан тапқыр талантты жан – жақты өнерлі балаларды іздеп табу, ұлттық ортаны қалыптастыруға жол көрсетіп суырып салмалық, әмбебаптық қабілеттеріне баса ден қою, табиғи танымдық қабілеттерін айқындау.
Байқауға қатысқан 8-11 сынып оқушылары шешендік өнер, көркемсөз оқу, шығарма, ұлттық аспапта ойнау, ақындар айтысы және ақындар мүшәйрасы номинациялары бойынша өз өнерлерін көрсетті.
Байқауда Өскемен, Семей қалалары, Аягөз, Глубокое, Күршім, Тарбағатай аудандары, дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты, Өскемен қаласындағы химико-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің командалары бас қосты. Байқауға барлығы 78 оқушы қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша 27 оқушы жүлдегер атанды. І орын грамотасымен – 6, ІІ орын – 8, ІІІ орын – 13 оқушы марапатталды. Жүлдегерлер тізімі қоса беріледі.
Жүлделі орындар санына байланысты «Үздік команда» номинациясы бойынша:
- І дәрежелі дипломмен - Тарбағатай ауданының командасы;
- ІІ дәрежелі дипломмен Күршім ауданының командасы;
- ІІІ дәрежелі дипломмен Семей қаласының командасы марапатталды.
Жеңімпаздар 2015 жылдың 19-21 наурызы аралығында Түркістан қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз. Республикалық кезеңде сәтті өнер көрсетіп, тек жеңіспен оралуларыңа тілектеспіз!