+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Экономика пәні бойынша облыстық олимпиада кезеңінің қорытындысы
11 Ақп, 08:18

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2015 жылдың 5 ақпанында Өскемен қаласында экономика пәнінен  олимпиаданың облыстық кезеңін өткізді.

Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың шығармашылық зейінін дамыту, теориялық білімін тереңдетіп және практикалық біліктілігін арттыру, экономика пәніне ғылым ретінде танымдық қызығушылықтарын дамыту, дарынды балаларды айқындау үшін қажетті жағдайлар жасау.

Олимпиада Өскемен қаласындағы Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетінің филиалында өтті. Олимпиадаға облыстың  аудан, қалаларынан және дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған білім мекемелерінен 10-11 сынып оқушылары қатысты.

Олимпиада теориялық және практикалық тур бойынша өткізілді.

Оқушылардың жұмыстарын құрамында өңірдің жетекші жоғарғы оқу орындарының ғалымдары бар қазылар алқасы бағалады.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша 25 оқушы жүлдегер атанды.

І дәрежелі дипломдармен:  

- Өскемен қаласының «Бриг» жеке меншік мектебінің 10 сынып оқушысы Медведева Александра;

- Семей қаласы Экономикалық лицейдің 10 сынып оқушысы Нургалиева Малика;

- Өскемен қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы Алтайканова Айгерим;

- Өскемен қаласындағы облыстық мамандандырылған физика, математика және информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мектептің 11 сынып оқушысы Индык Илья;

ІІ дәрежелі дипломдармен:

- Өскемен қаласының №2 мектеп гимназиясының 10 сынып  оқушысы Саматаева Диана;

- Өскемен қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы Мырзабаева Ғалия;

- Өскемен қаласындағы облыстық мамандандырылған физика, математика және информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мектеп 10 сынып оқушысы Григорьева Анастасия;

- Өскемен қаласындағы облыстық мамандандырылған физика, математика және информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мектеп 10 сынып оқушысы Самойлова Катарина;

-. Өскемен қаласының «Бриг» жеке меншік мектебінің 11 сынып оқушысы Веселова Екатерина;

- Өскемен қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып  оқушысы Ерболова Камиля;

- Семей қаласы Экономикалық лицейдің 11 сынып оқушысы Бубенчиков Кирилл;

- Семей қаласы Экономикалық лицейдің 11 сынып оқушысы  Рябоконь Александра;

ІІІ дәрежелі дипломдармен:

- Өскемен қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып  оқушысы Мукажанов Олжас;

- Өскемен қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған №34 мектеп-лицей 10 сынып оқушысы Боронина Полина;    

- Семей қаласы Экономикалық лицейдің 10 сынып оқушысы Буркитова Жамиля;

-  Жарма ауданы, Георгиевка орта мектебінің 10 сынып оқушысы Рысбаева Жансая;

- Жарма ауданы, Р.Марсеков атындағы орта мектептің 10 сынып  оқушысы Дайырбаева Жулдыз;

- Зырян ауданы, Маяк орта мектебінің 10 сынып оқушысы Ермуханбетова Динара;             

- Өскемен қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы Бекпаев Ильяс;

- Өскемен қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған №34 мектеп-лицей11 сынып оқушысы Серік Мидель;

- Өскемен қаласындағы облыстық мамандандырылған физика, математика және информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мектептің оқушысы11 сынып Залесова Анжелика;

- Жарма ауданы, Абай атындағы мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы Адейұлы Есбол;

- Зырян ауданы, мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы Головатый Александр;

- Зырян ауданы, мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы Извеков Никита марапатталды.

 «Ең үздік Эссе» номинациясы бойынша төрт оқушы марапатталып, МЭСИ-дің ғылыми-методикалық жинағына тегін мақала жазуға мүмкіндік алды.

Облыстық кезең қорытындысы бойынша жеңімпаздар 2015 жылдың  26-29 наурызы аралығында Алматы қаласында Қазақстан-Британдық техникалық университетінде өтетін олимпиаданың республикалық кезеңіне қатысады.

Жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз! Олимпиаданың барлық қатысушыларына, ұстаздарына келешекте табыс тілейміз!