+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Республикалық «Аль-Фараби» олимпиадасының өткізілуі туралы
05 Ақп, 02:54

 «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетімен бірлесе отырып, талантты оқушыларды  анықтау  және  қолдау,  интеллектуалды сайыстарға  қатысуын  ынталандыру мақсатымен 11-ші сыныптар арасында республикалық «Аль-Фараби» олимпиадасын өткізетінін  хабарлаймыз.

Олимпиада тапсырмалары математика, физика, химия, биология, география, информатика, Қазақстан тарихы, дуниежүзі тарихы, қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі пәндері бойынша өтеді.

Олимпиада үш кезеңнен тұрады. Бірінші және екінші кезең – іріктеу кезеңі, қашықтықтан on-line режимінде а.ж. 11 ақпанда, 4 наурызда өтеді.

Олимпиаданың іріктеу кезеңіне 2015 жылдың 9-шы ақпанына дейін www.kaznu.kz сайтына тіркеуден өткен оқушылар ғана қатыса алады.

Үшінші – ашық тур 2015 жылдың 1-3 сәуірінде Алматы қаласы, Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде өтеді.

Олимпиадаға қатысу туралы сұрақтар  бойынша төмендегі телефондар арқылы хабарласуға болады: 8(727) 2925717-ішкі. 21-75, немесе e-mail: Mahabbat.Harasova@kaznu.kz.