+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Ы.Алтынсарин-2015» республикалық пәндік олимпиадасының өткізілуі туралы
05 Ақп, 02:50

2015 жылдың 27 ақпанында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті 11 сынып оқушылары арасында (қыз балалар) қабілетті, дарынды оқушыларды қолдау мақсатымен «Ы.Алтынсарин-2015» республикалық пәндік олимпиадасын өткізетінін хабарлайды.

 Олимпиада қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, физика, биология, география, дүниежүзі тарихы, химия пәндері бойынша өткізіледі. Қатысушы ұсынылған пәндердің біреуіне ғана қатыса алады.

Олимпиада эксперттік комиссияның дайындаған тапсырмалары бойынша өткізіледі.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша оқушы - жеңімпаз университет ректорының грантымен (таңдаған пәні мамандығына сай келген және ҰБТ-ға қажетті өту балын алған жағдайда) марапатталады.

 Жүлделі орын алмағандар, бірақ олимпиаданың деңгейінен өткендер ҚазМемҚызПУ-не бірінші кезекте қабылдануға құқық беретін сертификаттармен марапатталып, оқудың төлемақысына 10% жеңілдікке ие болады. Пән мұғалімдеріне оқушыларды сапалы дайындағаны үшін ректордың алғыс хаты беріледі.

Олимпиадаға қатысуға тілек білдірген оқушылар бекітілген үлгі бойынша (Қосымша №1, №2)  өтінімдерді 2015 жылдың 15 ақпанына дейін ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына: Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 79-үйге, 8/ 7232/55-20-12 факсы бойынша  немесе эл.пошта: vk_daryn@mail.ruжіберу қажет.

Олимпиадаға қатысушылар (өтінімде көрсетілген оқушылар) онлайн режимінде ҚазМемҚызПУ ресми сайтында тіркелуі қажет.