2015 жылдың 26-30 қаңтарында Шығыс Қазақстан облысының оқушылары Ақмола облысындағы Щучье қаласындағы республикалық оқыту-сауықтыру «Балдәурен» лагерінде өткен 1-7-сынып оқушыларына арналған зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық конкурсына қатысып қайтты.
Шара оқушылардың танымдық қызығушылықтарын, ғылыми ізденіс пен зерттеу жұмыстарын өз еркімен меңгертуге, интеллектуалдық-шығармашылық қабілетін арттыру, зерттеу жұмыстарын жүргізу бала кезінен қалыптастыру мақсатында өткізілді.
Оқушылардың жобаларды қорғауы 8 секция бойынша өткізілді:
1) математика – информатика;
2) физика – техника;
3) қазақ тілі және әдебиеті;
4) орыс тілі және әдебиеті;
5) биология, химия, валеология;
6) география – экология;
7) тарих, өлкетану, этномәдениеттану;
8) психология – медицина.
Республикалық кезеңге барлық өңірлерден 300-ден астам оқушы қатысты. Шығыс Қазақстан облысының намысын 18 оқушы қорғады. Конкурстың қорытындысы бойынша 17 оқушы жүлдегер атанып, 1 оқушы РҒП «Дарын» орталығының грамотасымен марапатталды. Конкурс нәтижесі бойынша Шығыс Қазақстан облысының командасы жалпыкомандалық 1-орынға ие болды.
I дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
-Өскемен қаласы №3 көпсалалы мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушысы Айдарканова Альмира (медицина, психология);
-Өскемен қаласы "Нұр Орда" халықаралық мектебінің 1-сынып оқушысы Қаби Исламнұр (медицина, психология);
-Өскемен қаласы "Бриг" жеке меншік мектебінің 7 сынып оқушысы Яцола Александр (математика, информатика);
-Өскемен қаласы №3 көпсалалы мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушысы Мейірбайқызы Айғаным (қазақ тілі мен әдебиеті).
ІI дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
-Өскемен қаласы облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің 3 сынып оқушысы Пищальникова Полина (математика – информатика);
-Семей қаласы Шәкәрім атындағы облыстық мамандандырылған үш тілде оқытатын мектептің 3 сынып оқушысы Марсұлы Мансұр (медицина, психология);
-Семей қаласы Шәкәрім атындағы облыстық мамандандырылған үш тілде оқытатын мектептің 3 сынып оқушысы Рақышев Ералы (медицина, психология);
-Семей қаласы дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының 7 сынып оқушысы Медведев Денис (физика, техника);
-Дарынды балаларға арналған «Восток» ғылыми-зерттеу дамыта оқыту арнайы орталығының 4 сынып оқушысы Лазарев Кирилл (физика, техника);
-Зырян ауданы Серебрянск қаласының №2 негізгі мектебінің 4 сынып оқушысы Чаякова Аяулы (орыс тілі мен әдебиеті);
-Зырян ауданы Серебрянск қаласының №6 орта мектебінің 6 сынып оқушысы Рыболов Михаил (орыс тілі мен әдебиеті);
-Күршім ауданы №3 мектеп-гимназияның 7 сынып оқушысы Акылбекова Дана (география, экология);
-Өскемен қаласы облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің 4 сынып оқушысы Луговой Данил (география, экология).
ІІI дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
-Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттың 7 оқушысы Имашева Қаламқас (тарих, өлкетану, этномәдениеттану);
-Өскемен қаласы №45 орта мектептің 4 сынып оқушысы Сейтханов Нұрдәулет (тарих, өлкетану, этномәдениеттану);
-Ұлан ауданы Мәрсеков атындағы орта мектептің 5 сынып оқушысы Оралбаева Сабина (медицина, психология);
-Күршім ауданы №1 Теректі орта мектебінің 3 сынып оқушысы Нәбиолда Дильназ (қазақ тілі мен әдебиеті).
"Дарын" Республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасыменБородулиха ауданы Камышенка орта мектебінің 4 сынып оқушысыЖумадилов Дарын (история, краеведение, этнокультуроведение) марапатталды.
Жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз!
Барлық қатысушыларға және ұстаздары мен ата-аналарына табыстар тілейміз!