1. Жалпы ережелер
Осы Ереже жас музыканттар конкурсы 49-шы республикалық фестивалінің (бұдан әрі - Конкурс) облыстық кезеңінің мақсаты мен міндеттерін, өткізілу тәртібін анықтайды.
1. Конкурс балалар музыка мектептері мен өнер мектептеріндегі музыкалық дарынды жеке және талантты шығармашыл ұжымдарды анықтау, оларға қолдау көрсету, шығармашылық белсенділіктері мен кәсіби бағдарын ынталандыру мақсатында өткізіледі.
2. Конкурстың міндеттері:
- оқушылардың музыкалық-эстетикалық сезімдерін жетілдіру, олардың орындау шеберліктерін анықтау;
- оқушылардың кәсіби шеберлігін айқындау;
- халық музыка аспаптарында орындауды кең тарату және насихаттау;
-ұжымдық музыкада ойнаудың түрін жетілдіру және дамыту;
- оқушыларға қосымша музыкалық білім берудің тиімділігін кешенді бағалау.
2. Конкурстың облыстық іріктеу кезеңінің өткізілу тәртібі
Облыстық ірктеу кезеңді өткізу үшін облыстық білім басқармасы ұйымдастыру комитетін құрады.
Конкурс екі бағытта өткізіледі:
- жеке орындаушылар конкурсы;
- ұжымдық орындаушылар конкурсы.
Жеке орындаушылар конкурсы кіші, орта, ересек жастағы топтар арасында өткізіледі.
- кіші жастағы топ-10 жасты қоса алғанда 10 жасқа дейінгілер;
- орта жастағы топ - 11 жастан 13 жасты қоса алғанда 13 жасқа дейінгілер;
- ересек жастағы топ - 14 жастан 17 жасқа дейінгілер.
Қатысушылардың жас ерекшеліктері ағымдағы жылдың 1 наурызына дейін анықталады (егерде қатысушы 1 наурызда 11 жасқа толса, онда ол орта жастағы топқа, егер 14 жасқа толса, онда ол ересек жастағы топқа қатысады).
Конкурстың бағдарламалық талаптары қатысушылардың ұсынған жас ерекшеліктеріне байланысты балалар музыка мектептерінің талаптарына негізделеді және одан төмен болмайды:
- кіші жастағы топқа – III сынып оқушыларына арналған талаптар;
- орта жастағы топқа - IV сынып оқушыларына арналған талаптар;
- ересек жастағы топқа - V сынып оқушыларына арналған талаптар.
Жеке орындаушылар конкурсы кіші және орта жастағылар тобында бір турда, ересек жастағы топта екі турда өткізіледі. Ұжымдық топтар конкурсы, жеке орындаушылар конкурсымен бірдей уақытта өткізіледі. Ансамбль қатысушыларының саны 8 адамнан кем емес, 15 адамнан артық болмау керек, ұжымдық оркестр қатысушыларының саны еркін құрамдағы 30 адамнан аспау керек.
Барлық конкурсқа қатысушылардың шығу тәртібі жеребе алу арқылы белгіленеді.
Жеке орындаушылар үшін республикалық конкурстың іріктеу кезеңіне аудандық (мектепішілік) және облыстық конкурстар (ересек топта конкурстың облыстық іріктеу кезеңінің екінші айналымына орындаушылар конкурсы қатысушыларының үштен бір бөлігі қатысуға жіберіледі), ұжымдар үшін – облыстық кезең болып табылады.
Конкурстың республикалық кезеңіне ұжымдардың қатысуы туралы шешімді облыстық қазылар алқасы республикалық конкурстың бөлу кестесіне сәйкес жібереді. Республикалық конкурстың ақтық сынына екі ұжымның қатысуға құқығы бар, қазақ халық аспаптар оркестрі немесе ансамбль және орыс халық аспаптары оркестрі немесе ансамбль. Өзара ауыстыру қарастырылмайды.
3. Конкурстың өткізілу мерзімі
Конкурстың облыстық іріктеу кезеңі 2015 жылдың 02-05 наурызында өткізіледі.
Әр аудан (қала) облыстық іріктеу кезеңіне қатысуға тапсырысты (бекітілген түрде, электрондық тасымалдағышта) 2015 жылдың 20 ақпанына дейін ұйымдастыру комитетінің мекен жайына жіберу керек. Тапсырыста бағдарлама болу шарт, оған өзгеріс енгізуге рұқсат етілмейді.
Тіркеу кезінде (2015 жылдың 02 наурызы күні) делегация жетекшілері ұйымдастыру комитетіне аудандық (қалалық) білім бөлімдері басшыларының қолы қойылып, мөрі басылған тапсырыстың түпнұсқасын (қағаз түрінде) әкелу керек
Жеке орындаушылар тапсырысына қатысушылардың туу туралы куәліктерінің (жеке бас төл құжаттарының) көшірмесі қоса ұсынылады. Ұжымдық тапсырысқа (ансабльдер, оркестрлер) қатысушылар тізімі (олардың туған күндерімен) туу туралы куәліктерінің (жеке бас төл құжаттарының) көшірмесі қоса ұсынылады. Облыстық іріктеу конкурсына қатысатын әр қатысушы жеке орындаушылар өздерімен бірге туу туралы куәліктерінің түпнұсқасын әкелу керек.
Әр аудан (қала) қатысушыларды Конкурстың іріктеу кезеңіне бөлінген кесте бойынша жібереді.
4. Конкурсты қаржыландыру
Жас музыканттар Конкурсының облыстық іріктеу кезеңін өткізуді, сонымен қатар конкурстың осы кезеңін өткізіп марапаттау және қаржыландыру жергілікті жердің есебінен.
Конкурстың облыстық іріктеу кезеңінің қатысушыларының транспорт шығындары, жатын орындары мен тамақтанулары жіберуші жақтың есебінен өндіріледі.
5. Конкурсқа қатысушыларды марапаттау және қазылар алқасының жұмысы
Конкурстың іріктеу кезеңінің жеңімпаздары облыстық білім басқармасының Бас жүлдесімен, I, II, IIIдәрежелі дипломдарымен марапатталады. Қатысушыларға қатысқандары үшін ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының сертификаттары беріледі. Лауреат атанған оқушылардың оқытушылары мен концертмейстерлері Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының грамотасымен марапатталады.
Қазылар алқасының мүшелері:
- барлық дипломдарды бермеуге;
- жеке шығармаларды үздік орындағандары үшін номинация беруге құқылы.
Оқушылар үшін бағдарламалық талаптар
Қазақ ұлттық аспаптары
«Домбра» номинациясы
Кіші жастағы топ (домбра сыныбы)
Әртүрлі сипаттағы 3 пьеса, біреуі – сүйемелдеумен орыс, советтік, батыс немесе қазақстандық сазгерлердің шығармалары.
Орта жастағы топ (домбра сыныбы)
Әртүрлі сипаттағы 3 пьеса, біреуі – сүйемелдеумен орыс, советтік, батыс немесе қазақстандық сазгерлердің шығармалары.
Ересек жастағы топ (домбра сыныбы)
1 тур: 1. Екі әртүрлі сипаттағы күй (шертпе, төкпе);
2. Шығарманы аса шеберлікпен орындау..
II тур: 1. Орыс, совет немесе батыс сазгерінің шығармасы.
2. Орындаушының өз таңдауы бойынша шығарма.
«Кобыз» номинациясы
Кіші жастағы топ (қобыз сыныбы)
Әртүрлі сипаттағы 3 пьеса, біреуі – сүйемелдеумен орыс, советтік, батыс немесе қазақстандық сазгерлердің шығармалары.
Орта жастағы топ (қобыз сыныбы)
Әртүрлі сипаттағы3пьеса, біреуі – сүйемелдеумен орыс, совет, батыс немесе қазақстандық сазгерлердің шығармалары.
Ересек жастағы топ (қобыз сыныбы)
1 тур: 1. Халықтық ойнау стиліне сай міндетті түрдегі пьеса (күй);
2. Өңделген немесе ыңғайланған халық әуені;
3. Орыс, совет немесе батыс сазгерінің шығармасы.
II тур: 1. Ірі көлемді шығарма (концерт);
2. Орындаушының өз таңдауы бойынша шығарма.
«Қыл-қобыз» номинациясы
Кіші жастағы топ (қыл-қобыз сыныбы)
Әртүрлі сипаттағы3пьеса, біреуі – сүйемелдеумен қазақстандық, орыс немесе бастыстық сазгерінің шығармасы.
Орта жастағы топ (қыл-қобыз сыныбы)
Әртүрлі сипаттағы 3 пьеса, біреуі – сүйемелдеумен қазақстандық, орыс немесе батыс сазгерінің шығармалары.
Ересек жастағы топ (қыл-қобыз сыныбы)
1 тур: 1. Әртүрлі сипаттағы екі күй (кварта, квинтақатарымен);
2. Орыс немесе батыс сазгерінің шығармасын сүйемелдеумен орындау.
II тур: 1. Ірі көлемді шығарма (концерт);
2. Орындаушының өз таңдауы бойынша шығарма (халық күйі болуы мүмкін).
«Шертер» номинациясы
Кіші жастағы топ (шертер сыныбы)
1. Өңделген немесе ыңғайланған қазақтың халық күйі, әні немесе қазақ сазгерінің шығармасы;
2. Орыс сазгерінің пьесасы;
3. Өңделген халықтық әуен.
Орта жастағы топ (шертер сыныбы)
1. Өңделген немесе ыңғайланған қазақтың халық күйі, әні немесе қазақ сазгерінің шығармасы;
2. Шетел сазгерінің пьесасы;
3. Өңделген халықтық әуен немесе халықтық күй;
4. Аса шебер орындалатын шығарма немесе концерт (1 б. немесе 2-3 б.б.).
Ересек жастағы топ (шертер сыныбы)
I тур: 1. Өңделген немесе ыңғайланған қазақтың халықтық күйі, әні немесе қазақ сазгерінің шығармасы;
2. Өңделген халықтық әуен немесе халықтық күй;
3. Аса шебер орындалатын шығарма.
II тур: 1.Концерт (IбөлімнемесеII-IIIбөлім);
2 Орындаушының өз таңдауы бойынша шығарма немесе күй.
Орыс ұлттық аспаптары
«Баян, аккордеон»номинациясы
Кіші жастағы топ(баян, аккордеон сыныбы)
1. Кантилена(созып айтылатын әуезді саз);
2. Қазақстан сазгерінің пьесасы;
3. Ірі көлемді шығармалар немесе өңделген халық әуендері.
Орта жастағы топ(баян, аккордеон сыныбы)
1. Аса шебер орындалатын шығарма;
2. Полифониялық шығарма (баянүшін – таңдаулы клавиатурада);
3. Ірі көлемді шығарма немесе өңделген халық әуені;
4. Қазақстан сазгерінің пьесасы.
Ересек жастағы топ (баян, аккордеонсыныбы)
1-й тур. 1. Аса шеберлікпен орындалатын шығарма;
2. Полифониялық шығарма (баянүшін - таңдаулы клавиатурада);
3. Қазақстан сазгерінің шығармасы.
II тур. 1. Өңделген халық әуені;
2.Ірі көлемді шығармалар, вариациялар, өңделген немесе ыңғайланған халық әуені, концерттік пьеса.
«Домра, балалайка» номинациясы
Кіші жастағы топ (домра, балалайка сыныбы)
1. Қазақстан сазгерінің пьесасы немесе ыңғайланған (өңделген) қазақтың халық күйі, әні;
2. XVII-XIXғасыр сазгерінің ыңғайланған пьесасы;
3. Өңделген халық әуені.
Орта жастағы топ (домра, балалайка сыныбы)
1. Қазақстан сазгерінің пьесасы немесе ыңғайланған (өңделген) қазақтың халық күйі, әні;
2. XVII-XIX ғасыр сазгерінің ыңғайланған пьесасы;
3. Өңделген халық әуені.
4. Аса шеберлікпен орындалатын шығарма немесе Концерт (I б. немесе 2-3 б.б.)
Ересек жастағы топ(домра, балалайка сыныбы)
Iтур:
1.Қазақстан сазгерінің пьесасы немесе ыңғайланған (өңделген) қазақтың халық күйі, әні;
2. Өңделген халық әуені;
3. Аса шеберлікпен орындалатын шығарма.
II тур: 1. Концерт, Iбөлім немесеII-IIIбөлім;
2.Орындаушының өз таңдауы бойынша шығарма.
«Гитара» номинациясы
Кіші жастағы топ ( гитара сыныбы)
1.Классик-сазгердің шығармасы;
2. Гитара үшін өңделген қазақтың халықтық әні немесе Казақстан сазгерінің пьесасы; 3.Орындаушының өз таңдауы бойынша шығарма.
Орта жастағы топ ( гитара сыныбы)
1.Классик-сазгердің шығармасы;
2. Гитара үшін өңделген қазақтың халықтық әні немесе Казақстан сазгерінің пьесасы;
3.Ірі көлемді шығарма (вариации на народную тему, рондо, сонатины, сюиты и т.д);
4.Орындаушының өз таңдауы бойынша шығарма.
Ересек жастағы топ (гитара сыныбы)
I тур: 1.Классик-сазгердің шығармасы;
2. Гитара үшін өңделген қазақтың халықтық әні немесе Казақстан сазгерінің пьесасы;
3. Аса шеберлікпен орындалатын пьеса.
II тур: 1. Ірі көлемді немесе полифониялық шығарма;
2. Орындаушының өз таңдауы бойынша шығарма.
«Ұжымдар - оркестрлер, ансамбльдер» номинациясы
Ұжымдардың (оркестрдің, ансамбльдің) байқау бағдарламасына әртүрлі сипаттағы шығармалар енгізілуі қажет. Солардың бірі – Қазақстан сазгерінің шығармасы немесе өңделген қазақтың халық әуені. Байқауда орындалатын шығармалар саны төрттен кем болмауы керек.
Әр ұжымның шығарма орындау уақыты 15 минуттан аспауы тиіс.
Ұжым (оркестр, ансамбль) құрамында бір оқытушы қатысуға құқылы (дирижер немесе орындаушы ретінде).