+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Республикалық жас музыканттар фестиваль-конкурсының облыстық іріктеу кезеңін өткізу туралы
28 Қаң, 09:11

Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесімен бірлесе отырып Балалар музыка мектептері мен Өнер мектептерінің оқушылары арасында 2015 жылы 3-5 наурыз күні 49-Республикалық жас музыканттар фестиваль-конкурсының облыстық іріктеу кезеңін өткізетіні жайлы хабарлайды.

Конкурс 49-республикалық фестиваль-конкурс Ережесіне сай өткізіледі.

Облыстық іріктеу кезеңіне бөлінген кесте бойынша (қосымша 1) аудандық (қалалық) кезеңдерді өткізу арқылы қатысушылар саны анықталады.

Конкурс ережесі ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының сайтында (www.shygysdaryny.kz.) орналасқан.

Қатысушылардың келуі мен тіркелуі – 2015 ж. 2 наурыз, жеке орындаушылар конкурсы – 3-4 наурыз, ұжымдар конкурсы – 5 наурыз. Қатысушылардың қайтуы – 6 наурыз.

Конкурсқа тапсырыстар osshodmuka@mail.ru электронды мекен-жайда немесе 8(7232)75-85-40 тел/факсі бойынша төмендегі үлгіде 2015 жылдың 20-шы ақпанына дейін қабылданады:

Қатысушының аты-жөні (ұжым атау)

 

Қатысушының туған күні, жылы (ұжымдағы қатысушылар саны)

 

Оқу орнының атауы (толық)

 

Оқытушының аты-жөні

 

Концертмейстердің аты-жөні (қажеттілігі)

 

Жас ерекшелігі ( жеке орындаушылар үшін)

 

Музыкалық аспап (жеке орындаушылар үшін)

 

Орындау бағдарламасы (турлар бойынша орындалу уақытын көрсету)

 

Барлық сұрақтар бойынша Ұйымдастыру комитетіне 8(7232) 70-02-44, 8(7232) 75-86-21 телефондары арқылы хабарласуға болады.