ШҚ ӨҒПО «Дарын» орталығы Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-мен бірлесіп ұлттық бірегей тестілеу қарсаңында оқушыларды әр түрлі деңгейлердегі олимпиадалар мен жарыстарға шыңдау, облыстағы дарынды балаларды анықтап, олардың талабын аша түсуге қажетті жағдайлар туғызу, оқушылардың пәндік білімнен озық нәтижелеріне жетек болу, ауыл мектебі оқушыларының дайындық деңгейін көтеруге ықпал ету, ауыл мектебін оқу үрдісіне ақпараттық технологияларды енгізуге жетелеуге атсалысу мақсатымен «математика» пәні бойынша ауыл мектебін бітірушілер арасында математик, қазақ тілінде оқыту факультетінің тұңғыш деканы Т.Ғ.Жантасовты еске алуға арналған «Жас математик» олимпиадасын өткізеді.
Олимпиадаға ШҚО ауыл мектептерінің 11 сынып оқушылары қатыса алады.
Олимпиада екі турдан тұрады. Біріншісі – қашықтықтан өтеді. Қатысушыларға электронды пошта арқылы 2011 жылы 11 наурызда тапсырмалар жіберіліп, оларды орындауға 2011 жылғы 14 наурызға дейін уақыт беріледі. Тапсырмалар 18 наурызға дейін тексеріледі. Екінші турға конкурс комиссиясының шешімімен бірінші турда жеткілікті балл жинағандар өтеді.
Екіншісі - көзбе-көз тур, 13 сәуірде Өскемен қаласында Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да өтеді.
Орындалған жұмыстарды ШҚМТУ оқытушылары тексереді. Бірінші тур нәтижелері ШҚМТУ сайтының «Талапкер» бөліміне (http://www.do.ektu.kz ), ШҚМТУ оқу-білім беру порталының «Оқушыға» бөліміне (http://www.ektu.kz), ШҚ ӨҒПО «Дарын» орталығының сайтына (http//www.shygysdaryny.kz) шығарылады.
Олимпиадаға қатысу тегін. Тамақтану, тұрғын-жай, университетке келіп қайтқан жол-көлік шығындары қатысушылардың өз есебінен төленеді.
Бірінші, екінші және үшінші орын алған қатысушылар I, II, III дәрежелі дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Барлық көзбе-көз турға қатысқандар Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректорының, ШҚ ӨҒПО «Дарын» орталығы директорының алғыс хаттарын және ШҚМТУ ректорының сыйлықтарын алады және де ШҚМТУ-да оқыған кезеңінде тегін Интернет беріледі.
Олимпиадаға қатысуға өтінімдер 2011 жылғы 04 наурызға дейін mat_olimpiada@ektu.kz электронды поштасы арқылы қабылданады.
Өтінім формасы:
Мектеп № __________________________________________________________________
Аудан ____________________________________________________________________
Электрондық адрес: ___________________________________________________________
Үйлестіруші: _________________________________________________________________
|
Оқушылардың толық аты-жөні |
Мұғалімнің толық аты-жөні |
Қолданатын тілі |
|
|
|
|
Мектеп директоры: Аты-жөні