«Атадан мұра» қоры жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында 2015 жылдың 21-22 ақпан күндері республикалық « Атадан мұра» өнер байқауын (ары қарай – Байқау) өткізетіні жайлы хабарлаймыз.
Байқаудың мақсаты: аспапта ойнау, дәстүрлі ән мен күй өнердің мәртебесін арттырып, ұрпақ санасына сіңіру және осы өнер түріне балалардың ынтасын ояту.
Байқау үш жас ерекшеліктеріне байланысты өтеді:
- кіші топ – 6 жастан 9 жасқа дейін;
- орта топ – 10 жастан 13 жасқа дейін;
- жоғарға топ – 14 жастан 17 жасқа дейін.
Әр жас ерекшеліктер келесі номинацияларды қамтиды:
- аспаптық шығарма (жеке орындау, ансамбль, оркестр);
- дәстүрлі ән (жеке, топтық);
- көркемсөз (поэзия, проза, драмалардан үзінді).
Тапсырыстар (Ереже талаптарына сай) atadanmura@mail.ru электронды мекенжайында 2015 жылдың 10 ақпанына дейін қабылданады.
Байқау туралы Ереже қосымша берілген.
Барлық сұрақтар бойынша 87016307026, 87273274642 телефондарына хабарласуға болады.